Абай атындағы ҚазҰПУ

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.

Вы здесь » Абай атындағы ҚазҰПУ » Тестовый форум » Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар

Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар

Сообщений 31 страница 51 из 51

1

ХХІ ҒАСЫР Сізді 2021 жылдың 20 ақпан күні «ХХІ ғасыр педагогтерін дайындаудың заманауи ғылыми-әдістемелік талаптары» тақырыбында өтетін Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қатысуға шақырамыз.

Мақсаты: заман талабына сай, бәсекеге қабілетті педагогтерін дайындаудағы заманауи ғылыми-әдістемелік талаптар жайында пікір және тәжірибе алмасу.

Мақсатты аудитория: ЖОО-ның әдіскерлері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтықтан білім беру ортылығының әдіскерлері, магистранттары мен докторанттары

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Жаратылыстану және география институты

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би, 32.

Өтетін күні және уақыты: 20 ақпан,   2021 жыл, сағат 10:00 (Алматы уақытымен)

Өткізілу форматы: ZOOM Идентификатор конференции: 449 790 9729
Код доступа: 9qZZqy
https://zoom.us/j/4497909729?pwd=TStzZ0 … ZRbzV3Zz09

Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институты, «Химия» білім беру бағдарламалар тобыПЕДАГОГТЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛАПТАРЫ» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар

0

31

Химия пәнін оқытудағы Блум таксономиясының тиімділігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,
Ахметова Жадыра Амангелдиевна,
7М01504 - «Химия» білім бағдарламасының 2-курс магистранты
Ғылыми жекетшісі: Имангалиева Базархан Сагинаевна,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жоспары
*Блум таксономиясына жалпы сипаттама
* Блум таксономиясын химия пәнін оқытуда қолдану  ерекшелігі
* Блум таксономиясының тиімділігі
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсаты:
Мектеп химиясын оқыту барысында теориялық білімді терең меңгертіп, оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділіктерін арттыратын оқыту технологиясының бірі - Б.Блумның таным деңгейлерінің таксономиясы.

Теориялық бөлім бойынша:
1-қадам. Сұрақтарға жауап береміз:
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Көміртегі мен Кремнийдің белгілі аллотропиялық түрлерін атап, қасиеттерін және қолдануын сипаттаңыздар.
2. Көміртегі қандай заттармен әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жазыңыздар.
3. Кремний қандай заттармен әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін  жазыңыздар.
4. Кремнийдің биохимиялық рөлі қандай?

2-қадам.Ойлаймыз және талқылаймыз:
Себебін анықтаймыз.
1. Неліктен көміртекті - тірі  табиғаттың,  ал  кремнийді - өлі  табиғаттың  негізгі элементі деп  атайды?  Дәлелді жауап беріңіздер.
2. Неліктен CO молекуласына қосылу реакциясы тән? Себебі, CO молекуласында оттегінде де, көміртегінде де электрон жұбы бар, соңдықтан оған қосылу реакциясы тән.
3-қадам.Талдаймыз және салыстырамыз:
Венн диаграммасы арқылы көміртегі мен кремнийдің қасиеттерін салыстырыңыз.
 
Тақырыптың басты идеясы неде?

4-қадам. Дәптерге орындаймыз(топтық жұмыс):
Венн диаграммасы арқылы кремний және оның оксидінің қасиетттерін салыстырыңыз.

Практикалық бөлім:

5-қадам - (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде «Қолдану» тапсырмалары:
1. 80 кг әктасты  құммен  қосып балқытқанда 76 кг кальций силикаты CaSiO3  алынды. Әктастағы  негізгі заттың  массалық  үлесін анықтаңыздар.
2.Асбест минералындағы 2CaSiO3 5MgSiO3 SiO2 кремний диоксидінің массалық үлесін (%) есептеңіздер.
6-қадам (топтық жұмыс): «Баға беру» тапсырмалары:
«Силикат өнеркәсібі» тақырыбында эссе жазыңыз.

0

32

33

Химия курсы бойынша виртуалды зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік шарттары

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,
Есениязова Назерке Мұхамбетжанқызы,
7М01504 - «Химия» білім бағдарламасының 1-курс магистранты,
Ғылыми жекетшісі: Имангалиева Базархан Сагинаевна,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Виртуалды» ұғымының мәні – білім алушылар зерделенетін нысандар, үдерістер немесе құбылыстармен тікелей жұмыс жасамайды, тек әртүрлі компьютерлік үлгілер арқылы ақпараттар ала алады.Виртуалды зертхана – оқу материалдарына қажетті шынайы нысандарсыз компьютерлік модельдеу арқылы тәжірибе жүргізудің бағдарламалықаппараттық кешені.Сонымен қатар,виртуалды зертханалық жұмыстар білім алушылардың берілген оқу материалын меңгерудегі іс-әрекетін жүзеге асырудың бір құралы болып табылады. Виртуалды зертхана оқу материалы мазмұнының оқу іс-әрекетінің белгілі бір түріне бағдарлайтындай көрінісі бола тұрып, білім алушыларға пәндік білімдер мен біліктерді игеруге жағдай жасайды. Виртуалды зертхана: біріншіден, виртуалды зертхана – бұл оқу материалы мазмұнының оқу жағдаяттарында көрініс табу құралы, яғни ол пәндік білімдерді қолданудағы ісәрекеттер үлгісі;екіншіден, виртуалды зертхана – бұл оқу іс-әрекетінің мазмұны, яғни, ол оқу жағдаяттарын шешуге бағытталған іс-әрекеттер үлгісі;үшіншіден, виртуалды зертхана – бұл оқу материалын меңгеру құралы, яғни ол пәндік білімдердің білім алушының жеке жетістігіне өту үлгісі болып табылады.

Виртуалды зертханалық жұмыстардың тиімділігі:
 Оқу кабинеттерін қымбат құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді
қажет етпейді;
 Зертханалық жағдайда жасалуы мүмкін емес тәжірибелерден
компьютерлік модельдеу (компьютер экранындағы көрсетілім)
арқылы нәтиже алуға мүмкіндік береді;
 Аз секундтар немесе бірнеше жылға созылған үдерістер мен
құбылыстарға бақылау жасау мүмкіндігі;
 Қауіпсіздік мүмкіндігі (жоғары вольтты тәжірибе жүргізу мүмкіндігі;

 Тәжірибе нәтижесін жылдам алудағы уақыттың үнемділігі;
 Қашықтықтан оқытудағы виртуалды зертхананы пайдаланудағы мүмкіндіктері.
Виртуалды жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік талаптары:
 Оқытудың нәтижесіне жетудегі тәжірибенің мақсат-міндеттерінің айқындығы;
 Білім алушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
 Тәжірибе жүргізу ортасының материалдық-техникалық негізін ескеру;
 Оқытушы мен білім алушылардың шығармашылығы және шеберлігі.
Заманауи білім беру жағдайындағы виртуалды үрдіс оны компьютерлік технологиялар деңгейіне шығара отырып, дәстүрлі білім берудің бай педагогикалық әлеуетін пайдалануға бағытталған.Білім алушылардың өздігінен жұмыс істеуіне септігін тигізетін виртуалды зертханаларды пайдалану электронды білім беретін компьютерлік өнімді оқу үдерісіне ендіру стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған орай білім сапасын арттыру мақсатында қазақ тіліндегі виртуалды зертханалық жұмыс кешендері мен интерактивті оқыту құралдарын көбейту және Қазақстандық сайттарда қазақша мәліметтер қорын толықтыру білім алушыларға электронды оқыту жүйесі арқылы білім алуына зор мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Трухин А.В.Об использовании виртуальных лабораторий в образовании //Открытое дистанционное образование. – 2002. – №4 (8).– 300 с.
2. Гурина Н.А., Медведева О.А. Виртуальная информационнообразовательная лаборатория как средство развития самостоятельности школьников. // Информатика и образование. - 2007. – №3. – С. 3-7.
3. Трухин А.В. Виртуальды компьютерлік зертханалардың түрлері //Ашық және қашықтықтан білім беру. -2003. -№3 (11). – С. 12-21
4. Кольцова Э.М., Сиплатова Е.А., Филиппова Е.Б. Особенности разработки виртуального лабораторного практикума по неорганической химии // Информационные ресурсы России. – 2015, №3. – С. 33-36

0

34

Дина написал(а):

17 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ МҰҒАЛІМГЕ  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ
Кулумбетова Онласын Куатовна 6D011200-«Химия» мамандығының 3-курс докторанты, педагогика ғылымдарының доценті Унербаева Зульфия Оралбаевна,  Абай атындағы ҚазҰПУ

Дина написал(а):

ХХІ ғасырда әдістемелік талаптардың  өзгеруі
Мұғалімге қойылатын әдістемелік  талаптар жалпы білім берудегі өзгерістерге сай тұжырымдалады. Ал білім беру қоғамның қажеттіліктерін, өмір сүріп отырған заманымыздың  дамуына қарай өзгеруін ескеруге міндетті.

ХХІ ғасыр адамзатқа көптеген (технологиялық, демографиялық, экологиялық, ақпарттартық, динамикалық, адамгершілік және дүниетанымдық) сынақтарды салып отыр. Сонымен  бірге, әлемдегі өзгерістер адами ресурстардың мобильділігі мен интернет жүйесінің дамуына байланысты білім беру жаңалықтарындағы ерекшеліктер орын алуда.
ХХІ ғасырдағы ұлттық білім берудегі мақсат- болашақ маманның әдістемелік дайындығының деңгейлері жоғарылауына т.б.себептерге байланысты әрбір мемлекетте өзінің білім беру жүйесіннің ұлттық моделі жасалынды. Онда қоғам сұранысын қанағаттандыратын мектеп түлегі мен ЖОО-ны бітірушінің идеалды  моделі көрініс табады.
  ХХІ ғасыр сынақтары жөнінде Б.С. Гершунскийдің «Философия образования для века» (М., 1997) атты кітабында танысуға болады. Автор еңбек нарығынан болашақта өз орнын таба алуға бейімделуші ХХІ  ғасыр дағдыларын атап көрсетті.
ХХІ ғасыр білім беру мазмұны ерекшеліктері
Олар:
1.Мәселені шешу және сыни ойлау дағдылары;
2.Көсбасшылық және ынтымақтастықтағы жұмыс;
3.Жаңа жағдайға бейімделу дағдысы және икемділігі;
4.Бастамашылық және кәсіпкерлік дағдылар;
5.Практикалық бағытталу дағдылары;
6.Ақпаратты іздеу, табу мен оны өңдеу дағдысы;
7.Пәндер бойынша білімді кіріктіру дағдысы;
8.Алған білімді өмірде пайдану дағдысы;
9.Ойлау дағдыларының деңгейлері т.б.

Бүгінгі мұғалім қандай болу керек? Ол оқытатын мектеп оқушысы ше?
ҚР-ның ұлттық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне ойдағыдай ену мақсатында халықаралық өлшемдерге сәйкестендірілді, солардың ішінде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жоспарланып, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру салаларының кадрларын дайындаудың үш  сатылы үлгісі (бакалавр – магистр – PhD докторы) бекітілді т.б.
Осы реформалар жүзеге асу жағдайында мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптар түбегейлі өзгереді.
Ең алдымен, маман белгілі бір тұлғалық сапаларға ие болуы керек. Мысалы, толерантылық,рефлексиялылық, креативтілік, сын тұрғысынан ойлай алу т.б.
Екіншіден, маманның ХХІ ғасыр сынақтарынан өте алатындай дайындығы болу керек. Бұл дайындық барлық мамандықтар үшін ортақ. Қазіргі кезде кез -  келген адам мамандығына қарамастан тұлғалық, проблемалық және ақпараттық рөлдерді атқара білуі қажеттілік екені мойындалып отыр. 
Үшіншіден, адам өз мамандығы талап ететін біліктілікке ие болуы керек.
ХХІ ғасыр - ғасырда мұғалімге қажетті қабілеттер мен тұлғалық қасиеттер:
Коммуникативтік қабілеттер;
Шығармашылық пен білуге құмарлық;
Мәселені қойып оны шешу дағдылары;
Өзіндік дамуға бағыттылық;
Әлеуметтік жауапкершілік;
Сын ойлау және жүйелі ойлау.
Қолданыстағы мемлекеттік нормативтік және тұжырымдамалық құжаттарға сәйкес оқушыда бірқатар білік дағдылардың, құзіреттіліктердің қалыптасуы керек. Олар мына деңгейлерде қалыптасып, бір-бірінің дамуына себепші болады:
Пәндік деңгейде – мектеп пәндері бойынша оқушыда қалыптасуға міндетті ББД-лар;
білім беру саласының деңгейінде – 3 негізгі құзіреттілік (проблемаларды шешу, ақпараттық және коммуникабельді)
Ұлттық деңгейде – базалық құзіреттіліктер (үштұғырлық, еуразиялық жан-жақты мәдениеттілік, коммуникабельді қабілет, технократтық т.б.)
Бұл мәселе жөнінде:
Егжей-тегжейлі мына құжаттардын танысуға болады:
ҚР-да 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;
ҚР МЖБС-2020.
Мамандарды даярлауда,оның оқу нәтижесінде қандай талаптарға сай болуға тиіс екенін анықтауда ең алдымен МЖБС  басшылыққа алынады.
Қазіргі кездегі мектептің дамуына  сәйкес мұғалімге мынандай талаптар қойылады:
Мұғалім – болашақ қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі тәрбиелі болуы керек. Өйткені, өз ісіне нағыз берілгендік – егеменді еліміміздің мұғаліміне қойылатын бірінші талап.
Мұғалімге – егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы зиялы тұлғасы. Озат мұғалімнің негізгі сипаты – жоғары  мәдениеттілігінде, ғылыми және сарамандық дайындығы мен мамандықты күн сайын үнемі жетілдіріп отыруында.
3. Мұғалім – педагогикалық  еңбектің шебері. Ол шығармашылықпен жұмыс істеуге оқу мен еңбекке үйретудің жалпы мазмұнын терең білуге тиіс. Алдыңғы инновациялық тәжірибелерді пайдалана отырып білімалушыларды тәрбиелеудің және оқытудың міндеттерін шеше білуі керек. Өз еңбегінің нәтижесін талдап, оған өмір талабына сай қорытынды шығара білуі қажет. Оқушылардың ғылымға және техникаға қызығушылығын арттырып, ынталандырып отыруы қажет.
4.    Мұғалім – мектептің патриоты. Оның міндеті – оқушыларды еліміздің азаматтығына тән жоғары адамгершілік құндылықтарға баулу. Ғылымға құштарлығын дамытып, ғылым – біліммен қаруландыру. Мұны жан –тәнімен еңбек етіп, баланы жақсы көрген адам ғана атқара алады. Білімалушылар ондай мұғалімге сеніммен және сүйіспеншілікпен қарайды.
5.Мұғалім өз пәнін терең білумен қатар, ғылыми сынақ – тәжірибе жүргізудің дағдыларын жан –жақты меңгеруі тиіс. Тек сондай мұғалім ғана оқу мен қосымша білім беруді белгілі бір жүйеге бағыттай алады, жастарға ғылыми зерттеудің және сынақ- тәжірибе қоюдың дағдыларын беріп, оларды іске шығармашылық тұрғыдан қарауға тәрбиелей алады.
6.  Мұғалім – қоғамшыл. Ол – егеменді еліміздің жүзеге асырылмақ істерінің белсенді насихатшысы, үкіметіміздің қаулы – қарарларын халыққа таратушы сенімді көмекшісі.
7.  Мұғалім - өз пәнінің жаңалықтарын халыққа үйретуші, білімалушыларға және олардың ата –аналарына тәрбие беруші.

0

35

Дина написал(а):

1 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Байташева Гаухар Умиралиевна, а/ш.ғ.к., профессор м.а., ҚазҰлтҚызПУ
Баяндамаға қатысты сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

Саламатсызба! Тақырып қызықты және қазiргi уақытта актуалды 👍 Сәттілік тiлеймiн!

0

36

Дина написал(а):

17 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ МҰҒАЛІМГЕ  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ
Кулумбетова Онласын Куатовна 6D011200-«Химия» мамандығының 3-курс докторанты, педагогика ғылымдарының доценті Унербаева Зульфия Оралбаевна,  Абай атындағы ҚазҰПУ

ХХІ ғасырда әдістемелік талаптардың  өзгеруі
Мұғалімге қойылатын әдістемелік  талаптар жалпы білім берудегі өзгерістерге сай тұжырымдалады. Ал білім беру қоғамның қажеттіліктерін, өмір сүріп отырған заманымыздың  дамуына қарай өзгеруін ескеруге міндетті.

ХХІ ғасыр адамзатқа көптеген (технологиялық, демографиялық, экологиялық, ақпарттартық, динамикалық, адамгершілік және дүниетанымдық) сынақтарды салып отыр. Сонымен  бірге, әлемдегі өзгерістер адами ресурстардың мобильділігі мен интернет жүйесінің дамуына байланысты білім беру жаңалықтарындағы ерекшеліктер орын алуда.
ХХІ ғасыр білім беру мазмұны ерекшеліктері
ХХІ ғасырдағы ұлттық білім берудегі мақсат- болашақ маманның әдістемелік дайындығының деңгейлері жоғарылауына т.б.себептерге байланысты әрбір мемлекетте өзінің білім беру жүйесіннің ұлттық моделі жасалынды. Онда қоғам сұранысын қанағаттандыратын мектеп түлегі мен ЖОО-ны бітірушінің идеалды  моделі көрініс табады.
  ХХІ ғасыр сынақтары жөнінде Б.С. Гершунскийдің «Философия образования для века» (М., 1997) атты кітабында танысуға болады. Автор еңбек нарығынан болашақта өз орнын таба алуға бейімделуші ХХІ  ғасыр дағдыларын атап көрсетті.
Олар:
1.Мәселені шешу және сыни ойлау дағдылары;
2.Көсбасшылық және ынтымақтастықтағы жұмыс;
3.Жаңа жағдайға бейімделу дағдысы және икемділігі;
4.Бастамашылық және кәсіпкерлік дағдылар;
5.Практикалық бағытталу дағдылары;
6.Ақпаратты іздеу, табу мен оны өңдеу дағдысы;
7.Пәндер бойынша білімді кіріктіру дағдысы;
8.Алған білімді өмірде пайдану дағдысы;
9.Ойлау дағдыларының деңгейлері т.б.
Бүгінгі мұғалім қандай болу керек? Ол оқытатын мектеп оқушысы ше?
ҚР-ның ұлттық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне ойдағыдай ену мақсатында халықаралық өлшемдерге сәйкестендірілді, солардың ішінде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жоспарланып, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру салаларының кадрларын дайындаудың үш  сатылы үлгісі (бакалавр – магистр – PhD докторы) бекітілді т.б.
Осы реформалар жүзеге асу жағдайында мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптар түбегейлі өзгереді.
Бүгінгі мұғалім қандай болу керек?
Ең алдымен, маман белгілі бір тұлғалық сапаларға ие болуы керек. Мысалы, толерантылық,рефлексиялылық, креативтілік, сын тұрғысынан ойлай алу т.б.
Екіншіден, маманның ХХІ ғасыр сынақтарынан өте алатындай дайындығы болу керек. Бұл дайындық барлық мамандықтар үшін ортақ. Қазіргі кезде кез -  келген адам мамандығына қарамастан тұлғалық, проблемалық және ақпараттық рөлдерді атқара білуі қажеттілік екені мойындалып отыр. 
Үшіншіден, адам өз мамандығы талап ететін біліктілікке ие болуы керек.
ХХІ ғасыр - ғасырда мұғалімге қажетті қабілеттер мен тұлғалық қасиеттер:
Коммуникативтік қабілеттер;
Шығармашылық пен білуге құмарлық;
Мәселені қойып оны шешу дағдылары;
Өзіндік дамуға бағыттылық;
Әлеуметтік жауапкершілік;
Сын ойлау және жүйелі ойлау.
Бүгінгі мұғалім қандай мектеп оқушысын тәрбиелеу керек?
Қолданыстағы мемлекеттік нормативтік және тұжырымдамалық құжаттарға сәйкес оқушыда бірқатар білік дағдылардың, құзіреттіліктердің қалыптасуы керек. Олар мына деңгейлерде қалыптасып, бір-бірінің дамуына себепші болады:
Пәндік деңгейде – мектеп пәндері бойынша оқушыда қалыптасуға міндетті ББД-лар;
білім беру саласының деңгейінде – 3 негізгі құзіреттілік (проблемаларды шешу, ақпараттық және коммуникабельді)
Ұлттық деңгейде – базалық құзіреттіліктер (үштұғырлық, еуразиялық жан-жақты мәдениеттілік, коммуникабельді қабілет, технократтық т.б.)
Бұл мәселе жөнінде:
Егжей-тегжейлі мына құжаттардын танысуға болады:
ҚР-да 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;
ҚР МЖБС-2020.
Мамандарды даярлауда,оның оқу нәтижесінде қандай талаптарға сай болуға тиіс екенін анықтауда ең алдымен МЖБС  басшылыққа алынады.
Мұғалім – болашақ қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі тәрбиелі болуы керек. Өйткені, өз ісіне нағыз берілгендік – егеменді еліміміздің мұғаліміне қойылатын бірінші талап.
Мұғалімге – егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы зиялы тұлғасы. Озат мұғалімнің негізгі сипаты – жоғары  мәдениеттілігінде, ғылыми және сарамандық дайындығы мен мамандықты күн сайын үнемі жетілдіріп отыруында.
3. Мұғалім – педагогикалық  еңбектің шебері. Ол шығармашылықпен жұмыс істеуге оқу мен еңбекке үйретудің жалпы мазмұнын терең білуге тиіс. Алдыңғы инновациялық тәжірибелерді пайдалана отырып білімалушыларды тәрбиелеудің және оқытудың міндеттерін шеше білуі керек. Өз еңбегінің нәтижесін талдап, оған өмір талабына сай қорытынды шығара білуі қажет. Оқушылардың ғылымға және техникаға қызығушылығын арттырып, ынталандырып отыруы қажет.
4.    Мұғалім – мектептің патриоты. Оның міндеті – оқушыларды еліміздің азаматтығына тән жоғары адамгершілік құндылықтарға баулу. Ғылымға құштарлығын дамытып, ғылым – біліммен қаруландыру. Мұны жан –тәнімен еңбек етіп, баланы жақсы көрген адам ғана атқара алады. Білімалушылар ондай мұғалімге сеніммен және сүйіспеншілікпен қарайды.
Мұғалім өз пәнін терең білумен қатар, ғылыми сынақ – тәжірибе жүргізудің дағдыларын жан –жақты меңгеруі тиіс. Тек сондай мұғалім ғана оқу мен қосымша білім беруді белгілі бір жүйеге бағыттай алады, жастарға ғылыми зерттеудің және сынақ- тәжірибе қоюдың дағдыларын беріп, оларды іске шығармашылық тұрғыдан қарауға тәрбиелей алады.
6.  Мұғалім – қоғамшыл. Ол – егеменді еліміздің жүзеге асырылмақ істерінің белсенді насихатшысы, үкіметіміздің қаулы – қарарларын халыққа таратушы сенімді көмекшісі.
7.  Мұғалім - өз пәнінің жаңалықтарын халыққа үйретуші, білімалушыларға және олардың ата –аналарына тәрбие беруші.

0

37

Ж.Ә. Шоқыбаев
п.ғ.д., Абай атындағы Каз ҰПУ, Жаратылыстану және география институтының профессоры,
Алматы қ., Қазақстан
Г.Т. Мустапаева
Абай атындағы Каз ҰПУ, Жаратылыстану және география институтының 3 курс докторанты                                                                                                                                             Алматы қ., Қазақстан
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ХИМИЯ ПӘНІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУ

Біздің зерттеуіміз Алматы қаласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арналмақ. Жалпы алғанда қазіргі статистикаға сүйенсек Алматы қаласында 80-ге жуық колледж бар, соңғы бес жыл көлемінде саны жөнінде қатты өзгеріске ұшырамаған [2].
Біздің зерттеуіміздің басты нысаны Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі. Негізінен бұл колледжде «Тегістеу және металл өңдеу» және «Дәнекерлеу ісі», «Телекоммуникация және сымды хабар таратудың желілік құрылымдарын пайдалану» т.б. техникалық мамандықтарды дайындайды [4].  Кәсіптік лицейден колледждерге ауысқан оқу орындарында сағат саны әр мамандыққа байланысты бөлінген. Мысалы, зерттеуіміздегі Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде химия пәніне 108 сағат бөлінген. Оның 49-сағаты бейорганика қалған 59 сағаты органикаға арналған. Болашақта осы колледждерге арнап жаңартылған білім мазмұнына негіздей отырып оқу құралын ұсынбақпыз. Мысалға, «Дәнекерлеу ісі» мамандығында оқитын білімалушыларға химия сабағына кіргенде бүгінгі өтілетін тақырып ертенгі жұмыс барысында қандай байланысы бар деген сұрақ болу керек.
Ал жаңа оқу жылында мектептерді жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіру жалғастырылуда, 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарда енгізілетін болатын. Еліміздің 30 пилоттық мектептерінің 4,9,10 сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізу жүргізілуде. Жаңартылған білім мазмұны бойынша алғашқы рет «Химия» пәнін оқыту 7-сыныптан басталады. «Химия» пәнін жаңартылған мазмұнда оқыту білімалушыларға химиялық процестердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, сонымен қатар, эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамытуға негізделген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Яғни, осы өзгешелік 9 – сынып бітіріп колледждерге түскен білімалушыларға арналған оқулықтарда басты назарға алынуы тиіс [5-6].
Сонымен қатар, «Химия» пәнін оқыту мен оқуда педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдану, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын пайдалану керек.
Қазіргі кезде кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL), т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда білімалушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады [7]. Мысалы, «Автомобиль механик» мамандарына металдар тарауын өткен кезде электролиз тақырыбын, аккумулятор батареясы тақырыбымен байланыстыруға болады.
Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.                                                                                                                                             
Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді.
Қорыта айтқанда, зертеу тақырыбына байланысты жұмыстар өз жалғасын әрі қарай әдістемелік нұсқаулар, құралдар, арнайы курстарда жалғасын табу керек.
Пайданылған  әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы, ҚР Президентінің ресми сайты [Электрон.ресурс]. – URL:
http://www.akorda.kz/kz/addresses/addre … -10-kantar(10.01.2018)
2. Алматы қаласы Білім басқармасы ресми сайты [Электрон.ресурс]. – URL:
http://edualmaty.kz/kz/2016-10-06-08-50 … edzhderi4.
3. Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі ресми сайты [Электрон.ресурс]. – URL: http://aktim9.kz/?page_id=68&lang=ru_RU(2016-2017 оқу жылы)
4.Жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары,  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы [Электрон.ресурс]. –URL:https://nao.kz/loader/fromorg/2/25?lang=kz (17.08.2017)
6. Cуртаева К.,«Кәсіптік білім беруде химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту» [Электрон.ресурс]. – URL:https://infourok.ru/ksiptik-bilim-berude-himiya-pnin-arnayi-pndermen-baylanistira-oitu-912252.html(26.02.2016)

0

38

Дина написал(а):

10. ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ТЕСТОВЫХ ЗАДАНИЙ ПРИ ИЗУЧЕНИИ ДИСЦИПЛИНЫ "ФИЗИЧЕСКАЯ И КОЛЛОИДНАЯ ХИМИЯ"
А.Н.Нурекенова. доцент кафедры естественнонаучных дисциплин НАО Университет имени Шакарима города Семей, кандидат биологических наук, aigulnig__99@mail.ru., А.Мурзабекова, магистрант 2 курса естественно-математического факультета НАО Университет имени Шакарима города Семей

С тех пор, как существует обучение, существует и контроль за усвоением учебного материала. Современная организация учебного процесса требует использования эффективных форм контроля знаний обучающихся. Без этого целенаправленный, плодотворный учебный процесс невозможен. Объективный, системный и оперативный контроль знаний способствует образованию между студентом и преподавателем необходимой обратной связи, которая даёт возможность преподавателю оценить степень усвоения учебного материала как всеми обучающимися данной группы, так и каждым студентом и скорректировать учебный процесс с учётом результатов контроля.
Многие методисты подчеркивают в последнее время необходимость совершенствования имеющихся и разработки новых форм контроля знаний обучающихся.
Эффективными можно назвать такие формы контроля знаний, которые соответствуют целому комплексу требований. К числу таких требований нужно отнести оперативность, информативность, технологичность (содержание задания должно легко поддаваться  видоизменению и модернизации). Кроме того, эффективен будет такой контроль, который качественно и количественно измеряет уровень знаний и умений каждого студента даже в больших группах, оценивает систематичность и степень полноты знаний, выявляет вопросы и разделы, плохо усвоенные обучающимися. Контроль должен быть объективным, способствовать развитию аналитического мышления у обучающихся, по возможности иметь не только контролирующие функции, но также нести обучающую нагрузку.
Одна из эффективных форм контроля - тестирование.
Тест (от английского слова test - проверка, задание) - это система заданий, позволяющая измерить уровень усвоения знаний, степень развития определенных психологических качеств, способностей, особенностей личности.
Тесты используются в образовательном процессе уже около ста лет. Они представляют собой краткие стандартизированные задания. По результатам выполнения заданий можно судить об определенных знаниях, умениях и навыках испытуемого. В вузовском учебном процессе тесты создаются применительно к заданным уровням обучения и учебным предметам, время их выполнения ограничено. Обычно тесты рассчитаны на групповое проведение, но они могут использоваться и индивидуально.
В химическом образовании могут быть использованы тестовые задания разного типа: тесты выборки, дополнения, группирования, ранжирования, напоминания, и альтернативные тестовые задания.
  Актуальность выбранной темы состоит в широком использовании в настоящее время тестов и тестовых заданий для выявления результатов обучения на всех уровнях управления образованием, что объясняется объективными причинами, связанными с модернизацией и изменением целей казахстанского образования, появлением такого понятия как мониторинг качества образования.
Целью нашего исследования была проверка эффективности использования тестовых заданий по дисциплине «Физическая и коллоидная химия». В качестве объекта исследования нами были выбраны студенты 2-го курса НАО «Университета имени Шакарима города Семей»  специальности «Химия и биология» в количестве 6 человек.
С целью изучения отношения к использованию тестовых заданий в процессе обучения было проведено анкетирование студентов.
Анкетирование состояло из 5 вопросов:
• 1. Испытываете ли Вы положительные эмоции при необходимости использования тестирования в образовательном процессе?
• 2. Довольны ли Вы получаемыми результатами использования тестирования в образовательном процессе?
• 3. Удовлетворяет  ли Вас использование тестирования в образовательном процессе?
• 4. Активно ли Вы овладеваете разными формами тестирования?
• 5. Хотите ли Вы, чтобы занятия проходили с использованием тестовых заданий?
В результате анализа ответов была выявлена средняя сумма баллов по всем 5 вопросам, которая составила 2,2 балла, что является средним уровнем.
После проведения занятий с применением тестовых заданий при опросе в группе было проведено повторное анкетирование, которое включало аналогичные вопросы.
В результате анализа ответов повторного анкетирования было выявлена средняя сумма баллов по всем 5 вопросам, которая составила 4,3 балла, что является высоким уровнем.
По результатам данного анкетирования можно сделать вывод, что после проведения занятий с применением тестовых заданий интерес обучающихся к подобного рода занятиям повысился на  40%.
На первом этапе нашего исследования нами была проработана учебная программа по данной дисциплине и выбрана тема, по которой будет проходить контроль знаний обучающихся. Наш выбор остановился на теме «Химическая кинетика», так как выбранная тема является основой для изучения скоростей и механизма биохимических реакций. Затем проведена подготовка и проверка тестовых заданий. После проведенных работ перешли к апробации тестовых заданий по дисциплине «Физическая и коллоидная химия» на объектах исследования.
В ходе исследования над испытуемыми были применены наиболее распространенные виды тестовых заданий:
1. Закрытого типа, где испытуемому необходимо выбрать один или несколько правильных из предложенных готовых вариантов ответов;
2. Открытого типа, предполагающий написание своего варианта ответа в виде слова, словосочетания, предложения, знака и т.д.
Для сравнения результатов исследования помимо тестового контроля осуществлялся контроль по пройденным темам в виде письменного опроса.
В результате проведенных исследований установлено (таблица 1), что
работу выполняли 6 студентов из 6 по списку. После традиционного опроса  на  «отлично» ответили – 2 студента (33%), на  «хорошо»- 3 студента (50%), на «удовлетворительно» - 1 студент (17%), не справившихся с заданием обучающихся нет. В разрезе группы в среднем абсолютная успеваемость составила 100%, качество знаний – 83%, средний бал – 4,2.
После проведения опроса с применением тестовых заданий на «отлично» справились  4 студента (66%), на  «хорошо» - 2 студента (33%), на «удовлетворительно» и  не справившихся с заданием студентов нет. В разрезе группы в среднем абсолютная успеваемость составила 100%, качество знаний – 100%, средний бал – 4,7.
В результате обобщенного анализа, можно сделать вывод, что во время проведения занятия с применением тестовых заданий при опросе качество знаний у обучающихся повысилось на 17%. Абсолютная успеваемость осталась без изменений, а средний балл повысился на 0,5.
Использование тестирования для контроля знаний интересно и актуально. Несмотря на ограничения тестовой технологии, есть основное достоинство, которое привлекает преподавателей - это оперативность получения обратной связи с обучаемыми, и возможность быстрого оценивания результатов. Разработка тестов далеко не простое дело, которое  требует не только большого практического опыта, но и специальных знаний и навыков.
Результатами наших наблюдений стало то, что данный метод является эффективным и практичным. Метод тестирования как педагогическая диагностика до сегодняшнего времени остается активно развивающимся методом и широко используемым. Тесты закрытого типа имели больший интерес у обучающихся, нежели открытого типа.
В целом у студентов наметилась тенденция к повышению уровня химических знаний, что подтверждает эффективность применения тестовых заданий при опросе.

0

39

Баяндама
     Кері байланыс білім алушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді.  Өз жapиялaнымындa aвтоpлap Джон Хaтти мeн Хeлeн Тимпepли кepi бaйлaныс кeлeсi үш сұpaққa жaуaп бepуi кepeк дeгeн.
• Қaйдa бapaмын? (мaқсaттapым қaндaй?)
• Мeнiң қaлым қaндaй жәнe қaлaй? (мaқсaтқa қaлaй жeтeмiн?)
• Кeлeсi қaйдa? (нeғұpлым мaңызды пpогpeскe қол жeткiзу үшiн қaндaй шapaлap қолдaнуым кepeк?)
       Химиялық пәндepдi оқыту бapысындa қолдaнaтын тиiмдi кepi бaйлaныс тәсiлдepдiң бipi бұл бутepбpод epeжeсiн қолдaну. Eгepдe студeнт тaпсыpмaсын дұpыс оpындaмaғaн кeздe, оқытушы тapaпынaн дұpыс пiкip жәнe eскepтулep қолдaнуы кepeк. Бутepбpод epeжeсi бойыншa студeнткe өз қaтeлiктepiн көpсeтiп нeмeсe aйтқaндa кeздe студeнт өз қaтeлiктepiмeн дұpыс жұмыс iстeуi үшiн ынтaлaндыpу кepeк жәнe қойылғaн мaқсaтынa жeтуiнe ықпaл жaсaлуы кepeктiгiн ұмытпaу шapт. Бeлгiлi бip пpинцип бойыншa жүpгiзiлeдi мaдaқтaу – eскepтулep – мaдaқтaу. Химиялық пәндepдi оқыту кeзiндe студeнттepгe eскepту кepeк болғaн жaғдaйдa  бip мaңызды пapaмeтpгe нaзap aудapу кepeк.  Сол кeздe кepi  бaйлaныс тиiмдipeк болaды: мысaлы оқу үpдiсi кeзiндe студeнттepгe aстapлы eскepтулep жүpгiзу кepeк. Студeнттepдiң кeмшiлiктepi болғaн жaғдaйдa, бip мaқсaтты түpдe жұмыс iстeу үшiн мaңызды бaйлaныстыpушы жaғдaяттap тудыpу қaжeт. Осылaйшa, кepi бaйлaныс өзiн-өзi бaғaлaу үшiн aз aуыp болмaйды  жәнe оқыту үpдiсiдe тиiмдi болaды                                     
       Химиялық пәндepдi оқыту бapысындa кepi бaйлaнысты оpнaтқaн кeздe кeлeсi epeкшeлiктepiн aнықтaу кepeк:
- Кepi бaйлaныстың үйpeнудiң eң тиiмдi әдiсi eкeндiгiн ұмытпaу, әp оқытушы өзiнe қaжeттi eкeндiгiн дe eстeн шығapмaу кepeк. Сонымeн қосa кepi бaйлaнысты жұмыстapды жaқсapту үшiн, әpбip оқытушы өз олқылықтapды түзeтудiң eң тиiмдi нысaны дeп қaбылдaғaны жөн.  Оқытушы кepi  бaйлaнысты сaбыpлықпeн жәнe iштeй болсa дa pизaшылықпeн қaбылдaу кepeк.
- Кepi бaйлaныс әpқaшaн дa субъeктивтi болaды, өйткeнi ол бipeудiң өзiндiк пiкipi. Осы тұpғыдaн aлғaндa кepi бaйлaнысты aқиқaт дeңгeйiнe шығapудың қисыны жоқ. Оны бaсқa aдaмның бaғaсы дeп қaбылдaп, оның eш мiндeттi eмeс eкeндiгiн eстeн шығapмaу кepeк. Оқытушы студeнттepгe  қaндaй дa бip кepi бaйлaныс орнатса, оның тиiмдi/тиiмсiздiгiн, пaйдaлы/пaйдaсыздығын өзi өлшeйді жәнe бaғaлaйды, оны қaбылдaу нe қaбылдaмaуды оқытушының өз epкiнде.
- Кepi бaйлaныстың кeйбip  eң құнды жaғы бiзгe ұнaмaйтын бөлiгi болуы мүмкiн: олapғa aйтылғaн сын мeн eскepтпeлep, aйқындaлғaн кeмшiлiктep жатады.                                                           
- Нeгiзiнeн кepi бaйлaныстың үш нeгiзгi қызмeтiн aжыpaтуғa болaды:  әpeкeттepдi түзeту мeн peттeу, тұлғa apaлық қaтынaстapды peттeу, өзiн өзi тaну құpaлы. Сонымeн, кepi бaйлaныс оқу/оқыту мeн үйpeнудiң/үйpeтудiң қaлaй жүpiп жaтқaндығын, оның сaпaсын aнықтaу мүмкiндiгiн бepeдi. Кepi бaйлaныс apқылы оқу мeн студeнттepдiң жeтiстiктepi мeн кeмшiлiктepiн aнықтaуғa болaды. Кepi бaйлaныс дұpыс жaуaп нeмeсe бaғыт тaңдaлынып, қaтeлepдi түзeту әpeкeттepiн iскe қосaды.
Кepi бaйлaныс тиiмдi болуы үшiн студeнттepге оның пaйдaсын нaқты түсiнуi кepeк. Мұндaғы мұғaлiмнiң мiндeтi- eң бaсындa бaғaлaу нe үшiн қaжeт eкeнiн жәнe бұл білім алушыларға қaлaй көмeктeсe aлaтындығын түсiндipу. Ол үшiн сiзгe қaжeт:
• Кepi бaйлaныс уaқытылы бepiлуiн қaдaғaлaу;
• Жұмысыты peттeу жәнe пpоцeстe олapғa ұсыныстap бepiлуi;
• Aқпapaтты сүзгiдeн өткiзiлуi жәнe оның apтық болуынa жол бepмeу;
• Кepi бaйлaныс дaғдылapын дaмыту үшiн бaсым бaғыттapды aйқындaу;
Pизaшылық бiлдipу.
Кepi бaйлaныстың бip aдaмның eкiншiгe шын көңiлмeн көмeк көpсeту eкeндiгiн eскepe отыpып, aйтқaн eскepтпeлep мeн ұсыныстapғa pизaшылықпeн қapaу кepeк: кepi бaйлaныс бepушiгe жиi paхмeт жәнe aлғыс aйтып, ол Сiздi ынтaлaндыpғaндaй, оны дa жiгepлeндipiп отыpу қaжeт.
Кepi бaйлaныс бepушiнiң сөзiн бөлмeй, оны ылғи дa мaқұлдaп отыpғaн дұpыс. Қaжeт болғaн жaғдaйдa оғaн ойын нaқтылaйтын сұpaқтap қою apқылы бұл мәсeлe бойыншa өз келісімін хабардар болуын насихаттап, өз қажеттілігіне бағыт бұрылып отыруы қажет.
Мaдaқтaй бiлу.
Pизaшылықты бiлдipумeн қaтap кepi бaйлaныс бepушiнi мaдaқтaуды дa ұмытпaғaн жөн. Осы apқылы тиiмдi қapым-қaтынaспeн бipгe бepiлгeн ұсыныстapдың сaпaсын дa apттырады. «Сiз бұл мәсeлeгe тiптi дe мeн ойлaмaғaн жaқтaн қapaдыңыз! Шындығындa дa бұл өтe тиiмдi ұсыныс (идeя, ой, әдiс, тәсiл, т.б.) eкeн! Мeнiң ойымшa, Сiздiң сөздepiңiздe тepeң мaғынa бap! Бұл ұсынысыңыз мeнiң тәжipибeмдe мaңызды оpын aлaды дeп ойлaймын!» сeкiлдi сыпaйы мaқтaулapдың әңгiмeнi мәндi жaсaйтындығы aнық
Тиiмдi жәнe мaғынaлы кepi бaйлaнысқa қол жeткiзу студeнттep үшiн дe, оқытушылap үшiн дe көптeгeн apтықшылықтapғa иe eкeнi aнық. Aлaйдa, кepi бaйлaныстың өсiп кeлe жaтқaн мaңыздылығын жeкe aшу қиын жәнe кeйдe уaқытты қaжeт eтeдi, сондықтaн оны тиiмдi жәнe қолaйлы жaғдaй болaтындaй eтiп ұйымдaстыpғaн жөн. Кepi бaйлaныстың бip мaқсaты - aдaмды шығapмaшылық жұмысқa ынтaлaндыpу. Жaғымды пiкip aйтумeн қaтap aдaмды болaшaқтa өз жұмысынa игi өзгepтулep eнгiзeтiндeй қызықтыpып, шaбыттaндыpғaн дұpыс.Тaлдaнып жaтқaн әpeкeттiң жaғымды, ұтымды жaқтapын көpудi ұмтылу қaжeт. Тiптi aдaмның мaқтaйтындaй қaсиeтi болмaсa, ондa оның ниeтi мeн ынтaсын жaғымды дeп тaну кepeк. Ұсыныс жaсaғaндa жұмысты жaқсapтaтын мәсeлeлepгe тоқтaғaн дұpыс. Әңгiмeнi өзгeнi жaқтыpу жәнe сыйлaу тұpғысынaн жүpгiзу кepeк.
                             Кepi бaйлaныстaн күтiлeтiн нәтижeлep:
-оқытушы мeн студeнтapaсындaғы қapым-қaтынaс жaқсapaды;
-студeнт өзiнiң мықты, осaл тұсын aнықтaйды жәнe aлғa жылжуғa ықпaл eтeдi;
-студeнт тeк бaғaлaуды ғaнa eмeс, өз жұмысынaн хaбapдap болa отыpып, оқуғa қызығушылығын apттыpaды;
-оқытушы мeн студeнт кepi бaйлaнысынa қapaй өз жұмыстapын ұйымдaстыpуғa бaғыттaлaды;

0

40

Дина написал(а):

3 ХИМИЯ КУРСЫ БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ
Есениязова Назерке Мұхамбетжанқызы “7М01504-Химия” ББ 1-курс магистранты, Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Имангалиева Базархан Сагинаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

Сәлеметсіз бе, Баяндамаңыз өте жақсы болды :cool: Виртуалды зертханалықты қандай бағдарлама арқылы құрастырдыңыз?

0

41

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
Алтынбекова Минаш Оразбаевна химия ғылымдарының кандидаты, доцент
Баяндама
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ БІЛІМІ МЕН ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
М.О. Алтынбекова1, Г.И.Бабажанова1
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан, Қазақастан
Кіріспе.
2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының Білім беру саласында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Еліміз оқыту мен бағалаудың жаңа жүйесіне көшуде. 2011 жылдан бастап дайындық кезеңі басталды. Жүздеген мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарында оқытылды. Олар оқытудың жаңа тәсілдерін зерттеді, мысалы, оқытудың белсенді әдістері, Блум таксономиясы. Осы кезден бастап оқыту білім алуға емес, оларды қолдану дағдыларын дамытуға, ақпаратты талдау мен бағалауға және оларды өңдеу әдістеріне бағытталған. Мұғалімдер пәнаралық байланыстар туралы ойлана бастады және жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды оқушыға бағыттады.
Енді бағалау жүйесін қайта қараудың уақыты келді. Қазір бағалау үшін қолданылатын Шкала ескірді және оқушының қабілетінің айқын көрінісін көрсетпейді. Сондықтан формативті бағалау (ФБ), бөлім (БЖБ) және тоқсан (ТЖБ) үшін жиынтық бағалау сияқты ұғымдар енгізілді. Бағалаудың бұл түрінің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Бір жағынан, ФБ қолданған кезде студенттер өздерін еркін сезінеді, оқудағы проблемалары туралы сөйлесе алады, оқу траекториясын анықтайды және олардың даму динамикасын бақылайды. Сондай-ақ, тоқсанда БЖБ-ның ең көп саны 3-тен аспайды, бұл оқушының білім деңгейін анықтау үшін жеткілікті. Сонымен қатар, барлық БЖБ мен ТЖБ үлесінің пайыздық қатынасы-50%:50%. Екінші жағынан, ТЖБ-да жазбаша жұмыс жүргізу қажет, ал көптеген пәндер бойынша БЖБ шағын эссе, тексеру жұмысын жазуды қамтиды [1].
Зерттеудің әдіснамасы.Химия пәні бойынша бағалау жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Әр тақырыпқа толығырақ тоқталайық. Осы мақалада біз тапсырмаларды дайындау және жұмыстарды жүргізу тәжірибесімен бөліскіміз келеді.
Химия пәнін зерттеу негізінен білімгерлердің химияға деген қызығушылыған арттыруды, жаңа технологияларды пайдалана отырып химиядан жаңаша білім беруді қамтиды. Жаңа бағалау жүйесіне өткен жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптары оқыту мақсаттарымен жұмыс жасайды. Оқу мақсаттарында оқу бағдарламасына бағдарлануға және бағалауға арналған мақсаттарды таңдауға болатын тұжырымдама мен арнайы шифр болады, мысалы, 8.2.2.1 – химиялық реакцияларды бастапқы және түзілген қнімдердің құрамы мен мөлшері бойынша жіктеу[2].
БЖБ-ға арналған тапсырмаларды дайындау кезінде пән мұғалімдері алқалық түрде өткізу нысанын, тапсырмалар санын, оқыту мақсаттарын, тексерілетін дағдыларды (Блум таксономиясы бойынша), ең жоғары балды шешеді [3]. ТЖБ арналған тапсырмаларды әзірлеу кезінде оқыту мақсаттары мен тексерілетін дағдылары алдын ала жазылған тест спецификацияларын (ТС) ұстану қажет. Басқа параметрлер де көрсетілген, бірақ оларды өзгертуге болады. Жас мамандар үшін мұндай әдістемелік әзірлемелер жақсы көмек болып табылады, өйткені оларда ТС-дан басқа тапсырмалардың үлгілері де бар. ТС-ны жұмыс істеп тұрған жоғары санатты мұғалімдер (модератор-мұғалімдер, сарапшы-мұғалімдер) әзірлейтінін атап өту қажет.
Осылайша, білім беру процесінде осы бағалау жүйесі оқушыға бағалау критерийлерін білуге, оның қойылу себептерін түсінуге және қалаған нәтижеге қол жеткізуде одан әрі траектория құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл басқалармен салыстыру салдарынан алаңдатарлық жағдайды алып тастауға, өзін-өзі бағалау мен оқуға ынталандырудың төмендеуіне әсер етпеуге мүмкіндік береді[4].
Суммативті бағалау –бұл оқып үйрену жүйесі бойынша  қорытындысын жинақтау  немесе жалпы білімін анықтау үшін қолданылытатын бағалау.Суммативті бағалаудың артықшылығы мынада :
-Оқушының жеке басы емес , тек жұмысы бойынша білімі бағаланады;
-Оқушының жұмысын бағалау  алдын-ала  ұсынылған критерийлерге негізделеді;
-Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі ;
-Оқушы  нақты мақсатта жұмыс жасап отырғанын біледі;
-Оқушыға өзінің білім деңгейі анық көрініп тұрады.
Суммативті бағалау  тоқсан  соңындағы  оқушы білімінің жетістігін саралайтын негізгі қалыптастырушы бағалау арқылы қаланады. Сондықтан оқушы білімін бағалауда критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы  дәлелденіп отыр.
Қорыта келе, оқу процесіне критериалды бағалау жүйесін енгізу оқушылардың жеке сипаттамаларын (мотивация, танымдық бағыт, өзін-өзі бағалау, талап деңгейі және т.б.) оңтайландырудың және мектептегі айқын мазасыздықтың болмауымен сипатталатын эмоционалды әл-ауқатты қамтамасыз етудің психологиялық-педагогикалық шарты болып табылады. Бұл бағалау жүйесі көптеген жылдар бұрын Еуропа елдеріне еңгізілген.  Зерттеу нәтижелері көрсеткендей ресейдің түлектері, олар әлеуметтік белсенді, нақты азаматтық ұстанымға ие және әдетте өз қызметінде жоғары құндылық бағдарларын көрсете отырып, еріктілік жұмыстарымен де еркін айналыса алады.

Әдебиеттер тізімі
1. Центр педагогических измерений. Модель КО_НИШ_2016-2017 у.год Центр педагогических измерений. Методические рекомендации по суммативному оцениванию, Астана: АОО НИШ, 2016-2017 уч.год.
2. https://infourok.ru/saba-zhospari-himiy … 42044.html
3. Критериалды бағалау журналы. - URL: http://krg.nis.edu.kz
4. Крылова, Е. Г. Технология формирующего оценивания в современной школе [Текст]: учебно-методическое пособие (ФГОС ООО) / О. Н. Крылова, Е. Г. Бойцова - Санкт- Петербург: КАРО, 2015. - 122 с.
5. Технология критериального оценивания, методика ее применения в учебном процессе [Электронный ресурс] / Ж.А. Абекова, А.Б. Оралбаев, М. Бердалиева, Ж.К.

0

42

Дина написал(а):

18. БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
Алтынбекова Минаш Оразбаевна химия ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазіргі  қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  әлеуметтік,  экономикалық  өзгермелі  жағдайларда  өмір  сүруге  дайын  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны  жүзеге  асыруға, жақсартуға  игі  ықпал  ететін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Ұлы  педагог  Ы.Алтынсарин  «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің  бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушылардың біліміне  қарай бағалау керек» деп айтқандай, оқушы  жетістігін  нақты  бағалау  мәселесі  –  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі.  Осы  қажеттілікті шешу жолдарының бірден – бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі  бойынша саралау.
Критериалды  бағалау  –  бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген   білімгердің  оқу –  танымдық  құзырлығын  қалыптастыруда  алдын  ала  белгіленген  жетістіктермен  салыстыру  үрдісі, белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 
 Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
 Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  –  оқушы  тұлғасының  үйлесімді  қолайлы білім  беру  ортасын  құра  отырып  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ  –  ны қолдану, коммуникативті қарым  -  қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта  жұмыс  жасай  білу,  функционалды  сауаттылықты,  шығармашылықты  қолдана  білуді     тиімді  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді  (бірлескен  оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану
Критериалды бағалау  жүйесіндегі ең маңызды нәрсе  –  оқу процесінің өзі, сол арқылы білімгер  өзін –  өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп,  әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде білімгердің  қалай жұмыс жасағаны, қалай  ойланғаны  бағаланады.  Өз  кезегінде,  білім  беру  сапасын  жоғарылату  білімгерлердің  жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді.

Қорыта келе, оқу процесіне критериалды бағалау жүйесін енгізу оқушылардың жеке сипаттамаларын (мотивация, танымдық бағыт, өзін-өзі бағалау, талап деңгейі және т.б.) оңтайландырудың және мектептегі айқын мазасыздықтың болмауымен сипатталатын эмоционалды әл-ауқатты қамтамасыз етудің психологиялық-педагогикалық шарты болып табылады. Бұл бағалау жүйесі көптеген жылдар бұрын Еуропа елдеріне еңгізілген.  Зерттеу нәтижелері көрсеткендей ресейдің түлектері, олар әлеуметтік белсенді, нақты азаматтық ұстанымға ие және әдетте өз қызметінде жоғары құндылық бағдарларын көрсете отырып, еріктілік жұмыстарымен де еркін айналыса алады.

0

43

Дина написал(а):

19. DISCORD, ZOOM ПЛАТФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНЫП, ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПОЛИМЕРЛІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Т.Т. Кужакова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Қaзіргідeй білім мен техника дaмығaн зaмaндa ғылым мен инновациялық технологияның дамуы арқасында заманауи жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жүйесі маңызды рөл атқарып отыр. Оның үстіне әлемде болып жатқан жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында барлық университеттер қашықтықтан оқуға көшті.
Қашықтықтан оқыту технологиясы-оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.
Қашықтан оқыту-компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады [1].
Қашықтықтан білім беру-жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-cырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген  түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан білім беру жүйесін дамытудың ең негізгі мақсаттарының бірі – білім алушылардың кез-келген колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламасы бойынша білім алуға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жұмыс бабымен жұмыстан шығуға мүмкіндігі болмайтын жандарға, бала күтімімен отырған аналарға білімін арттыруға жағдай туғызу және білім берудің ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттер мен магистранттардың білім деңгейінің дәрежесін жоғарылату.
Сондай-ақ, қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің қатысуынсыз студенттер назарын өзінен тыс қалдырмайтын қабілеттілігіне байланысты. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын-ала жоспарланып, алдын-ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы – виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.
Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл.
Синхрондық деп аталатын өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Яғни студент пен оқытушы бір-бірін виртуалды көре отырып, өздерін толғандырған сұрақтарға студенттер нақты іс-әрекетпен немесе практикалық тұрғыда көріне отырып, жауап береді.
Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе теле конференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе а синхрондық) – қашықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары [2].
«Zoom» бағдарламасы арқылы сабақ өткізу, вебинар, семинар өткізу өте тиімді. Себебі, оқытушының сабағына бір мезетте тыңдаушылар қатысып, слайд арқылы берілген тақырыпты көріп, тыңдап, кері байланыс жасауына да мүмкіндік беріледі. «Zoom» бағдарламасын пайдалану үшін оқытушы мен тыңдаушыға кең жолақты интернет, компьютерге немесе смартфонға жүктелген бағдарлама болуы шарт. Сонымен қатар «Discord» бағдарламасыда өте қолайлы болып табылады. Бағдарламада басқа бағдарлмалардың ең жақсы тұстары жинақталған. Ақылы түрлері жоқ, дыбыс шығаруы өте сапалы, уақыт шектеулігі жоқ.
Органикалық және полимерді қосылыстардың алынуын, химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде «YOU TUBE» желісі арқылы онлайн сабақ беру барысында көрсетуге болады және де «Виртуальды лаборатория» бағдарламасы арқылы түрлі тәжірибелерді сабақ барысында жасауға болады.
Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
- Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану
- Интерактивті әрекеттесу формалары
- Сапалы білім алу
- Уақытты және қаражатты үнемдеу
- Ыңғайлы уақытта оқу
- Территориялық шектеулер жоқ, әлемнің кез-келген жерінде жүріп, сабаққа қатысу мүмкіндігі бар және тек өз тұрғылықты жеріңде емес, келген басқа қалаларда, басқа елдерде білім алуға көп мүмкіншілік бар.
- Егер ауа-райы бұзылып, сақтану мақсатында оқудан босатылып жатырса, қашықтықтан оқытудың оған еш қатысы болмайды.
- Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Қашықтықтан оқытудың өзіне тән кемшіліктері де бар.
Егер электр тоғы өшіп қалса, немесе комьпютерде ақау болса, маңызды семинар кезінде интернет желісі нашарлап кетсе, қиындық туғызады.
- Университен өміріне белсене араласа алмайды [4].
      «…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақтың қолында … Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»” – деп елбасымыз Н. Назарбаев айтып өтті. Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың Онлайн тәсілін алға қарай дамыта беруіміз қажет.

Қазіргі уақыттағы маңызды тақырып , баяндама мазмұнды, пайдалы ақпаратты қамтиды. Рахмет.

0

44

Дина написал(а):

2 ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Боранбаева Салтанат Маратқызы “7М01504-Химия” ББ 2-курс магистранты, Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Имангалиева Базархан Сагинаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Баяндамаға қатысты сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

Сәлеметсыз бе. Тақырып қызықты және алатын жерлеры бар екен 👍 Сәттілік тiлеймiн!

0

45

14. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ   ХИМИЯ   ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ МЕН ОҚУ МАҚСАТТАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АРА ҚАТЫНАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Д.Р. Онтагарова, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, жаратылыстанy-ғылыми пәндер кафедрасының доценті м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты, diko-68@mail.ru, Г.Салбат, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты
Мектептегі жаңартылған  химия курсы мазмұнының идеялық-теориялық, әдіснамалық және практикалық бағыты оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай жасайды. Пәндік оқытудағы химиялық ұғымдардың жалпы теориялық жүйелерінің қарқынды қалыптасуы және белсенді жұмыс істеуі жаңартылған химияның білім мазмұнын қайта құрудың өзекті мәселелерін шешудің маңызды шарты болып табылады.
Бұл жұмыста зат, химиялық реакция туралы ұғымдар жүйесінің мазмұны мен құрылымы, оларды қалыптастырудың қабылданған тұжырымдамасының оқу мақсаттары жүйесінде жүзеге асыру мүмкіндігі қандай деңгейде орын алып отырғаны ашылады.
Негізгі және жалпы орта білім деңгейлерінде «Химия» пәні бойынша оқу мақсаттары бес бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, осы пәндер бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Бұл жұмыста «Химия » оқу пәніндегі (7-9 сыныптар) тірек ұғымдарының   көлемі сандық сипатта анықталды (1-кесте).
Кестеден «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» (318), «Химия және қоршаған орта»(389) бөлімшелерінде  ұғымдар көлемінің басымдылығын байқауға болады.Химия пәнінің  бағдарламалары елімізде жарыққа шыққан жаңа оқулықтар мазмұны химиялық ұғымдарды оқыту жүйесін қайта қарап,оқушылардың  химиялық ұғымдарды тиянақты меңгеруін қамтамасыз ететін тиімді әдістемелерді жасауды қажет етеді.
Оқулық сапасы жөнінде  қазіргі кезде баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде көптеген пікірлер  айтылуда. Осы мәселеде химия пәні ұстаздарының пікірін  саралау мақсатында  әлеуметтік желіден  «Химия оқулықтарының сапасы  туралы мұғалімдердің пікірі» сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер саны -155.Саулнама нәтижелерінен жалпы,10,11сынып оқулықтары бойынша оқу мақсаттары жүйесімен оқулық мазмұны сәйкеспеушілігі (63,8%; 51%) және ұғымдар жүйесін қалыптастыруда жүйесіздік (63,9%) мәселелерінде проблемалар бар екндігін көрсетеді.
Жалпы орта білім беретін мектептің химия оқулықтары аясында, біздің ойымызша, концептуалды (тұжырымдамалық) талдау жүргізу әдістемесін қосқан жөн. Мұндай зерттеулердің басты мақсаты- пән мазмұнының айқындылығы, пәнді оқу тереңділігі, пәннің зерттеушілікке қатысты мазмұны. Концептуалдық модель зерттелетін объектіге және анықталған зерттеу шеңберіне қатысты себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды айқындауды сипаттайды.
Білімнің дидактикалық бірлігі-бұл ұғымдар. Химиялық ұғымдар таңбалық модельдер түрінде көрінеді және жоғары абстракциялау тән, өйткені бұл маңызды белгілерді, қасиеттерді, заттар мен  химиялық реакциялардың заңдылықтарын көрсете отырып, ойлау пайда болатын маңызды, жалпыланған білімнің концентраты. Химияны оқыту мазмұнын жобалау "семантикалық түйіршіктеу"процесі ретінде ұсынылуы мүмкін. Мұндай" семантикалық түйіршіктер " химиялық ұғымдардың өзара байланысты жүйелері болып табылады. Екінші жағынан, жаңа мазмұнды блоктардың пайда болуы  білім беру технологияларының, әдістер мен әдістердің, дидактикалық құралдар мен ұйымдастырушылық формалардың оңтайлы үйлесімі болатын оқытудың жаңа стилін әзірлеуді қамтиды.
Е.С. Кубрякова «концепт» және «ұғым» терминдері адам ойлауы мен  санасының түрлі аспектілерін сипаттайды дейді: «Ұғым-объективті шындықтың логикалық формада бейнеленуінің белгілі бір түрлерінің бірі; концепт сананың шұғыл (оперативті)мынадай бірліктерін қамтиды: елестету, образдар, ұғымдар, ал олар жинақталып барып концептуалды жүйе не әлемнің концептуалды  бейнесін  жасайды».
Концепт   сипаттамасын ядро және периферия терминдері  тұрғысынан ала алады. Біріншісіне жиі кездесетін нақты және таным үрдісінде айқын  қабылданатын,  ал перифериялық құрамда абстрактілі және жартылай қабылданатын бейнелеуді   жатқызады. 
Төмендегі концепт моделі әрбір сыныпқа арналған ядролар және перифериялар негізінде жасалған. Концептінің ядросында негізгі ұғым орналасады. Ал периферияда ұғымға қатысты терминдер қамтылады.
«Зат» концептісінің ядросын құрайтын оқу мақсаттары негізіне енетін ұғымдар арқылы  «Зат» концептісінің перифериясы айқындалды. Мұнда нақтылы ұғымдар көлемі айқындалған соң,мұғалім өз  іс-әрекетін осы ұғымдарды меңгертуге бағыттай алады. Әрине, бұл жерде мұғалімдер ұғымдардың қарастырылу ретін өз қызыметінде жоспарлау қажеттігі туады.
Қорытынды:
1. Химия пәнінің  бағдарламалары елімізде жарыққа шыққан жаңа оқулықтар мазмұны химиялық ұғымдарды оқыту жүйесін қайта қарап,оқушылардың  химиялық ұғымдарды тиянақты меңгеруін қамтамасыз ететін тиімді әдістемелерді жасауды қажет етеді.
2. Жалпы орта білім беретін мектептің химия оқулықтары аясында, біздің ойымызша, концептуалды (тұжырымдамалық) талдау жүргізу  арқылы оқу мақсаттарына сәйкес  қажетті ұғымдарды саралауды пайдалана білу керек.

Отредактировано Динар Рахымовна (2021-02-20 12:18:58)

0

46

21. ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫНАН ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
М.О.Алтынбекова, М.Н.Жунаева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

0

47

Дина написал(а):

21. ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫНАН ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
М.О.Алтынбекова, М.Н.Жунаева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Баяндама
Органикалық химияны игеру барсында оқушыларда дүниенің материядан тұратыны, үздіксіз дамуы, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы, оларды танып-білуге болатындығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына әсерін тигізеді. Органикалық химияны оқу барысында әрі қарай заттар табиғатына үңілу, яғни молекуладағы атомдардың орналасуы, химиялық байланыстың электрондық табиғатын микроәлемдегі өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Органикалық химияны оқытқанда теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып органикалық процесстерді түсінуге және заңдылықтарын ұғынуға көмектеседі.
Химиялық эксперимент білімді нақтылауда теория мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың маңызды әдісі болып табылады. Шынайы көрсетілген тәжірибенің көмегімен білім алушының дүниетанымын кеңейтуге, әр түрлі тәжірибелік дағдыларды алуға болады. Мектепте химияны зерттеудегі тәжірибе осы пәнді түсінуде үлкен рөл атқарады. Бұл органикалық және бейорганикалық химияда да маңызды [1].
Бірақ органикалық химия курсында тәжірибелік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Мұғалім оқушылар алдында органикалық химияны дамыту идеясын ашуы керек: заттың генетикалық байланысы, органикалық қосылыстар сыныптары арасындағы ауысулар, қарапайым заттардан күрделі заттардың синтезі және т. б. Сондықтан мұғалім ғылымның осы маңызды жағын студенттер алдында дұрыс ашуға жеткілікті назар аударуы керек, сондықтан органикалық химия оларға жаратылыстану ғылымын "процестер туралы, осы заттардың пайда болуы мен дамуы туралы және табиғаттың осы процестерін бір үлкен тұтасқа байланыстыратын байланыс туралы" ғылым ретінде қабылдауға көмектеседі;
2. Нақты сенімді фактілерде заттардың химиялық қасиеттерінің құрылымына және молекулалардағы атомдардың өзара әсер ету сипатына тәуелділігін көрсетеді;
3. Органикалық химиядағы тәжірибе мектеп оқушыларына сәтті политехникалық білім беруге ықпал етеді. Оның көмегімен мұғалім органикалық химияның өмірмен, халық шаруашылығымен байланысын көрсете алады, маңызды химия өндірісінің негіздерін және басқаларын ашады;
4. Органикалық химияда тәжірибелер бейорганикалық химиядағы тәжірибелерге қарағанда ұзақ уақытқа созылады. Кейде олар бүкіл сабақты алады, ал кейбір жағдайларда олар 45 минуттық сабақтың шеңберіне сәйкес келеді. Мұндай эксперименттердің ішінде мыналарды атауға болады: мұнай айдау, бромбензол алу, глюкозаны ашыту, бромды этил алу, талшықты нитраттау және басқалар.
5. Кейбір жағдайларда органикалық химиядағы тәжірибелер бейорганикалық химияға қарағанда айқын және мәнерлі, өйткені бақыланатын процестерде сыртқы өзгерістер аз, ал алынған заттар көбінесе бастапқы заттардан қасиеттерде күрт айырмашылықтарға ие болмайды. Көрнекілікке қол жеткізу үшін кейбір ерітінділерді бояу, түрлі-түсті қағаздың көмегімен ерітінділерді жарықтандыру, үлестіру материалы ретінде үлгілерді тарату және т. б.
6. Органикалық химияны зерттеуде сабақта қарастырылған барлық құбылыстарды көрсету мүмкіндігі де, қажеттілігі де жоқ. Оқушылар бағдарламада көрсетілген барлық заттарды, олардың маңызды химиялық реакцияларын табиғи түрде бақылауы керек [2].
Химиялық тәжірибеге органикалық химия курсын оқытуда ерекше мән  береді. Бұл білімді қолдану арқылы теорияның практикамен байланысын жүзеге асырудың маңызды тәсілі. Мектеп бағдарламасында елеулі рөл химиялық тәжірибені орындау процесінде оның оқушылары оқып білуге, бақылауға, талдауға, қорытынды жасауға, сонымен бірге, құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс жасауға үйренуге мүмкіндік береді [3].
Тәжірибе жасау арқылы оқушылар жеке, танымдық, реттеуші және коммуникативті сипаттағы әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастырады. Қазіргі мектепте виртуалды химиялық тәжірибенің рөлі артып келеді (мысалы, улы реактивтермен жұмыс істеген жағдайда), сонымен қатар химиялық тәжірибенің әлеуметтік-экологиялық бағытына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар химиялық тәжірибені орындауда келесі міндеттер қойылады:
1. Химиялық заттармен көрнекі танысуды қамтамасыз ету. Ол коллекцияларды, үлестірмелі материалдарды, сондай-ақ заттардың физикалық қасиеттерін сипаттау арқылы жүзеге асырылады.
2. Химиялық реакциялардың көрнекі түрде суреттелуі - "шындықты тірі ойлау".
3. Химиядағы даму идеясын ашу: заттардың генетикалық байланысы, бейорганикалық және органикалық заттар кластары арасындағы өзгерістер, синтездер.
4. Заттардың химиялық қасиеттерінің олардың құрылымына және молекулалардағы атомдардың өзара әсер ету сипатына тәуелділігін көрсету.
Осы міндеттерді орындау арқылы тәжірибе жүргізу жүзеге асырылады. Органикалық химиядан тәжірибелерді орындауда білім алушы алған теориялық блімін практикамен ұштастыруға мүмкіндік алады. Қызықты тәжірибелер, зертханалық жұмыстарды орындау арқылы білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға, тақырыпты түсінікті етіп жеткізуге болады. Тәжірибелік жұмыстардың өзі белгілі функияларды атқарады. Сол функциялардың ішінен баса назар аударылатыны зерттеу функциясы болып табылады.
Қорыта келе, эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі химиядан үлгерімі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай, болашақта өздік ізденістерде, жоғары оқу орындарында да қолдана алады. Тәжірибелік бақылауда, сондай-ақ эксперименттік тапсырмаларды орындауда барлық анализаторлар функцирленеді. Осылайша, оқушылар қай зат қандай түске ие екенін, ол заттан қандай иіс шығып жатқанын, дәмі мен тығыздығы, зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, олардың табиғатынан тани білуді үйренеді.
Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізе білу фактілерді бақылауға, теориялық білімнің көмегіне сүйене отырып оларды түсіндіре білуге, эксперименттік біліктілік пен дағдыларды арттыра түсуге, жұмысты еркін түрде жоспарлай білуге, өз бетінше жұмыс істей білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін арттыруға үлес қосады. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай, болашақта өзіндік ізденістерде, жоғары оқу орындарында да қолдана алады.

0

48

Мафтуна написал(а):

Баяндама өте қызықты, мазмұнды

0

49

Динар Рахымовна написал(а):

14. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ   ХИМИЯ   ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ МЕН ОҚУ МАҚСАТТАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АРА ҚАТЫНАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Д.Р. Онтагарова, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, жаратылыстанy-ғылыми пәндер кафедрасының доценті м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты, diko-68@mail.ru, Г.Салбат, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты
Мектептегі жаңартылған  химия курсы мазмұнының идеялық-теориялық, әдіснамалық және практикалық бағыты оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай жасайды. Пәндік оқытудағы химиялық ұғымдардың жалпы теориялық жүйелерінің қарқынды қалыптасуы және белсенді жұмыс істеуі жаңартылған химияның білім мазмұнын қайта құрудың өзекті мәселелерін шешудің маңызды шарты болып табылады.
Бұл жұмыста зат, химиялық реакция туралы ұғымдар жүйесінің мазмұны мен құрылымы, оларды қалыптастырудың қабылданған тұжырымдамасының оқу мақсаттары жүйесінде жүзеге асыру мүмкіндігі қандай деңгейде орын алып отырғаны ашылады.
Негізгі және жалпы орта білім деңгейлерінде «Химия» пәні бойынша оқу мақсаттары бес бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, осы пәндер бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Бұл жұмыста «Химия » оқу пәніндегі (7-9 сыныптар) тірек ұғымдарының   көлемі сандық сипатта анықталды (1-кесте).
Кестеден «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» (318), «Химия және қоршаған орта»(389) бөлімшелерінде  ұғымдар көлемінің басымдылығын байқауға болады.Химия пәнінің  бағдарламалары елімізде жарыққа шыққан жаңа оқулықтар мазмұны химиялық ұғымдарды оқыту жүйесін қайта қарап,оқушылардың  химиялық ұғымдарды тиянақты меңгеруін қамтамасыз ететін тиімді әдістемелерді жасауды қажет етеді.
Оқулық сапасы жөнінде  қазіргі кезде баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде көптеген пікірлер  айтылуда. Осы мәселеде химия пәні ұстаздарының пікірін  саралау мақсатында  әлеуметтік желіден  «Химия оқулықтарының сапасы  туралы мұғалімдердің пікірі» сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер саны -155.Саулнама нәтижелерінен жалпы,10,11сынып оқулықтары бойынша оқу мақсаттары жүйесімен оқулық мазмұны сәйкеспеушілігі (63,8%; 51%) және ұғымдар жүйесін қалыптастыруда жүйесіздік (63,9%) мәселелерінде проблемалар бар екндігін көрсетеді.
Жалпы орта білім беретін мектептің химия оқулықтары аясында, біздің ойымызша, концептуалды (тұжырымдамалық) талдау жүргізу әдістемесін қосқан жөн. Мұндай зерттеулердің басты мақсаты- пән мазмұнының айқындылығы, пәнді оқу тереңділігі, пәннің зерттеушілікке қатысты мазмұны. Концептуалдық модель зерттелетін объектіге және анықталған зерттеу шеңберіне қатысты себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды айқындауды сипаттайды.
Білімнің дидактикалық бірлігі-бұл ұғымдар. Химиялық ұғымдар таңбалық модельдер түрінде көрінеді және жоғары абстракциялау тән, өйткені бұл маңызды белгілерді, қасиеттерді, заттар мен  химиялық реакциялардың заңдылықтарын көрсете отырып, ойлау пайда болатын маңызды, жалпыланған білімнің концентраты. Химияны оқыту мазмұнын жобалау "семантикалық түйіршіктеу"процесі ретінде ұсынылуы мүмкін. Мұндай" семантикалық түйіршіктер " химиялық ұғымдардың өзара байланысты жүйелері болып табылады. Екінші жағынан, жаңа мазмұнды блоктардың пайда болуы  білім беру технологияларының, әдістер мен әдістердің, дидактикалық құралдар мен ұйымдастырушылық формалардың оңтайлы үйлесімі болатын оқытудың жаңа стилін әзірлеуді қамтиды.
Е.С. Кубрякова «концепт» және «ұғым» терминдері адам ойлауы мен  санасының түрлі аспектілерін сипаттайды дейді: «Ұғым-объективті шындықтың логикалық формада бейнеленуінің белгілі бір түрлерінің бірі; концепт сананың шұғыл (оперативті)мынадай бірліктерін қамтиды: елестету, образдар, ұғымдар, ал олар жинақталып барып концептуалды жүйе не әлемнің концептуалды  бейнесін  жасайды».
Концепт   сипаттамасын ядро және периферия терминдері  тұрғысынан ала алады. Біріншісіне жиі кездесетін нақты және таным үрдісінде айқын  қабылданатын,  ал перифериялық құрамда абстрактілі және жартылай қабылданатын бейнелеуді   жатқызады. 
Төмендегі концепт моделі әрбір сыныпқа арналған ядролар және перифериялар негізінде жасалған. Концептінің ядросында негізгі ұғым орналасады. Ал периферияда ұғымға қатысты терминдер қамтылады.
«Зат» концептісінің ядросын құрайтын оқу мақсаттары негізіне енетін ұғымдар арқылы  «Зат» концептісінің перифериясы айқындалды. Мұнда нақтылы ұғымдар көлемі айқындалған соң,мұғалім өз  іс-әрекетін осы ұғымдарды меңгертуге бағыттай алады. Әрине, бұл жерде мұғалімдер ұғымдардың қарастырылу ретін өз қызыметінде жоспарлау қажеттігі туады.
Қорытынды:
1. Химия пәнінің  бағдарламалары елімізде жарыққа шыққан жаңа оқулықтар мазмұны химиялық ұғымдарды оқыту жүйесін қайта қарап,оқушылардың  химиялық ұғымдарды тиянақты меңгеруін қамтамасыз ететін тиімді әдістемелерді жасауды қажет етеді.
2. Жалпы орта білім беретін мектептің химия оқулықтары аясында, біздің ойымызша, концептуалды (тұжырымдамалық) талдау жүргізу  арқылы оқу мақсаттарына сәйкес  қажетті ұғымдарды саралауды пайдалана білу керек.

Отредактировано Динар Рахымовна (Вчера 15:18:58)

Сәлеметсіз бе! Баяндама қызықты, мазмұнды, пайдалы болды. Рақмет!

0

50

Базархан написал(а):

ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Боранбаева Салтанат Маратқызы “7М01504-Химия” ББ 2-курс магистранты, Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Имангалиева Базархан Сагинаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жоспар:
1. Білім берудегі инновация
2. Смарт-карталар
3. Геймификация
4. QR-код
Заман талабынан туындaған бүгінгі жас ұрпақты тaлaпқa сaй оқыту,оқушының ой-өрiсiн жан-жақты дамыту, aлғaн бiлiмдeрiн жaңa идеялармен толықтырып қолдaну, бiлiктiлiгі жоғары iздeнiмпaз, шығaрмaшыл тұлғa қaлыптaстыратын ол – жaңaша, өзгерген заман көшіне ілесетін, пeдaгогикaлық озық әдіс-тəсілдерін мeңгeргeн мұғaлiм болып табылады .                        Мұғалім материалдың мазмұнын өзгерту үшін мультимедиялық құралдарды қолданады. Бұл оған әртүрлі медиа элементтерін қолдана отырып, мағыналы түрде көрсетуге көмектеседі. Бұл медиа элементтерді сандық түрлендіруге, өзгертуге және түпкілікті презентация үшін конфигурациялауға болады. Жобаға сандық медиа элементтерін қосу арқылы оқушылар жақсы оқи алады, өйткені олар бірнеше сенсорлық режимдерді қолданады, бұл оларды ұсынылған ақпаратқа көбірек көңіл бөлуге және оны жақсырақ есте сақтауға көмектеседі.            Смарт-карталар                Оқушыларға бірнеше таңдау мүмкіндігі qr – код жазылған карталар беріледі,  мұғалім сабақ ортасында (соңында) сұрақ қойғанда оқушылар  өз нұсқаларын таңдай алады.                         1 оқушының qr-код жазылған жауап парағы
                   
Мұғалім өзінің ұялы телефоны арқылы plickers қосымшасымен сыныпты сканерлеп, жауаптарын қабылдайды. Бұл оқушылардың жылдам әрі нақты  жауап беруіне, сондай-ақ сабақтың әділ,шынайы өтуіне мүмкіндік жасайды. Сыныптың белсенділігін, сапасын бірден анықтауға көмектеседі.             Геймификация                Оқушылардың деңгейіне қарамастан, оқуды көңілді ету үшін сіз өзіңіздің сыныпта ойын түрін қолдана аласыз. Оқушылар әрдайым ойнағанды ұнатады және оқытудың бұл әдісі әдеттегі сабақтағы күйзелісті алып тастай алады. Оқушыларды сабақта белсенді ұстау үшін төс белгілер, ұпайлар және деңгей жетістіктері сияқты ойын элементтерін келтіруге болады.                Kahoot сыныпта (аудиторияда) қолдануға арналған қосымша.Мұғалім тест сұрақтарын негізгі экранға шығарады, ал оқушылар тест сұрақтарын талқылап, ұялы телефондары (планшет) немесе компьютерлер көмегімен жауаптарын жолдайды. Бұл қосымша арқылы әрбір оқушының нәтижесін және барлық топтың үлгерім диаграммасын бақылай алады. Мұғалім заманға сай тестілеу жүйесімен оқушылардың білім алуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады.    QR-код сілтемесі
QR (quick response) – ағылшын тілінен аударғанда шұғыл(тез) жауап деген мағынаны білдіреді.Бұл қалта телефонның камерасы арқылы жылдам танып  ақпарат беруге мүмкіндік жасайтын  штрих-код. Мұғалім алдын ала оқушыларға беретін тапсырма немесе ақпараттарын дайындайды.
Білім беруде QR-кодтарын пайдалану арқылы төмендегідей жұмыстар жасауға болады:
• Интерактивті тапсырма
• Үйге тапсырма
• Тапсырма үлгісі
• Анықтама (формула,мысал)
• Пайдалы сілтемелер
• Қосымша ақпараттар
Мысалы:Практикалық және зертханалық жұмыс жасау барысында қолдануылуы:
1.Қауіпсіздік техника ережелері:

2.Жұмысты орындауға арналған нұсқаулық

Қазіргі уақытта актуалды, тақырып. Баяндамадан өте пайдалы мәліметтер алдым

0

51

Мукaтaeвa Жaзирa Сaгaтбeковнa,
х.ғ.к., қaуымдaсқaн профeссор,
«Химия» кaфeдрaсы,
Aбaй aтындaғы ҚaзҰПУ, Aлмaты қaлaсы,
E-mail: jazira-1974@mail.ru
Нүсiпaқыновa Мaржaн Бaқтиярқызы
6D011200 – Химия, 3 курс докторaнты
Aбaй aтындaғы ҚaзҰПУ, Aлмaты қaлaсы,
E-mail: marzhan-91.08@mail.ru

ҚAШЫҚТЫҚТAН ОҚЫТУДAҒЫ ИННОВAЦИЯЛЫҚ ТEХНОЛОГИЯЛAРДЫҢ МҮМКIНДIКТEРI

Қaшықтaн оқытудa қолжeтiмдi құрылғылaр мeн бaйлaныс құрaлдaры пaйдaлaнылaды: интeрнeт-плaтформa, WhatsApp, компьютeр, ноутбук, плaншeт сынды тeхнология түрлeрiн тиiмдi мeңгeрe отырып қaжeттiлiгiмiздi өтeу бaсты мiндeттeрiмiздiң бiрi болмaқ
Қaшықтықтaн оқыту процeсi кeзiндe сaбaқтaр eкi формaттa: синхронды жәнe aсинхронды формaттaрдa өткiзiлуi мүмкiн. Бiлiм aлушылырдың мүмкiндiгiнe қaрaй интeрнeт-плaтформaлaрғa қосылу бойыншa проблeмaлaр туындaғaн жaғдaйдa, пeдaгогтaр қaлaуы бойыншa кeз кeлгeн қолжeтiмдi бaйлaныс құрaлдaры aрқылы сaбaқтaр жүргiзiп жaтқaнымeн бiлiм aлушылaрдың пәнгe дeгeн қызығушылықтaрын жоғaлтып aлмaуды бaсты нaзaрдa ұстaғaндaй. Сaбaқтың синхронды формaтындaғы оқыту оқытушының қaзiргi зaмaнғы мүмкiндiктeрдi   пaйдaлaнa отырып, нaқты уaқыт рeжимiндeгi бiлiм aлушылaрмeн тiкeлeй бaйлaнысын (стриминг) жәнe бaсқa дa бaйлaныс құрaлдaры қолдaнa отырып бiлiм бeругe нeгiздeлгeндiгi aйқын. Пeдaгог стримингкe шығу үшiн сaбaқтың бeлгiлi бiр бөлiгiн бөлiп көрсeтe aлaды, сaбaқтың қaлғaн бөлiгiн aсинхронды формaттa өткiзe aлaды. Сaбaқтaрды нaқты уaқыт рeжимiндe (стримингтiң) өткiзу мiндeттi eмeс. Сaбaқтың aсинхронды формaты – элeктронды плaтформaлaрдың мүмкiндiктeрi aрқылы оқытушының бiлiм aлушылaрмeн өзaрa әрeкeттeсуi aрқылы өз бeтiншe оқуғa aрнaлғaн контeнт жәнe оғaн оқытушының кeрi бaйлaнысын көздeйтiн оқу тaпсырмaлaрынaн тұрaды.[2]
«Жүз рeт eстiгeншe бiр рeт көргeн aртық» дeгeн хaлық дaнaлығы бeкeр aйтылмaғaн сынды. Күндeлiктi сaбaқты түсiндiру үшiн бүгiнгi тaңдa оқытушылaр қaуымы бiрнeшe видeо бaғдaрлaмaлaрмeн жұмыс жaсaп жaтқaны бeлгiлi. Солaрдың iшiндe тиiмдi әрi жeңiл бaғдaрлaмaлaрғa тоқтaлa кeтсeм.
• Bandicam
• Movavi
• Icecream Video Editor
Сондaй-aқ, күндeлiктi қолдaнып жүргeн Google-дiң мүмкiндiктeрi дe шeксiз. Яғни, Google дисктe, Google формaдa жұмыс жaсaй бiлсeңiз сiздiң жaңa aқпaрaт құрaлдaрын қолдaну ғaнa eмeс, оны түрлeндiругe дe өзiндiк бeйiнiңiз болмaқ. Осы aтaлғaн плaтформaлaрғa бaйлaнысты бiлiм aлушылaрмeн кeрi бaйлaныс орнaтудың eң тиiмдi тәсiлi Google Формaны aйтaр eдiм. Бұл плaтформa тeст жaсaуғa aрнaлғaндықтaн сiз бiлiм aлушылaрғa дaйын құрaлғaн тeсттiң сiлтeмeсiн жiбeрiп, кeрi бaйлaныс орнaтa aлaсыз. Сонымeн қaтaр тeсттiң нәтижeсi мeн қaжeттi aқпaрaттaрды сaқтaу үшiн aрнaйы құрылғы нe болмaсa әлeумeттiк жeлiлeрдi қaжeт eтпeйдi, яғни, aвтомaтты түрдe сaқтaлынып қaлaды. Eндeшe осы плaтформaның мүмкiндiгiн көрсeту үшiн жұмыс iстeу мeхaнизмiн түсiндiрe кeтeйiн. Ол үшiн eң aлдымeн Google-дiң нысaнын жaсaймыз, оның көмeгiмeн сiз дeрeктeрдi жинaй aлaсыз, бiлiм aлушылaрмeн тeсттi тaлдaп өзiңiзгe aнaлиз жaсaй aлaсыз. Сондaй – aқ, бұл плaтформa қaшықтaғы жұмыс жaғдaйы үшiн өтe мaңызды. Тeсттeр жaсaу үшiн сiздe бeлсeндi google eсeптiк жaзбaсы болуы кeрeк. Eгeр сiздe ол болмaсa, «Google eсeптiк жaзбaсын жaсaу (Google aккaунт болуы кeрeк) жәнe Google дискiмeн жұмыс жaсaу» нұсқaлaры aрқылы жұмыс жaсaуыңызғa болaды. Google плaтформaсынa «Google Формa» дeп жaзып, iздeу бaтырмaсын бaсaсыздaр. Сол кeздe сiзгe 2 түрлi формaны ұсынaды.
 Жeкe пaйдaлaнуғa aрнaлғaн
 Бизнeс үшiн
Сiз «жeкe пaйдaлaнуғa aрнaлғaн» формaны тaңдaй отырып өзiңiзгe қaжeттi тeсттi құрaу тeрeзeсiн aшaсыз. Бiрiншi қaдaм - формa үшiн фaйл aтaуын жaсaу. Бұл aтaу Google дискiдe нe болмaсa өзiңiздiң жeкe пaрaқшaңыздa сaқтaлaды. Aтaу экрaнның жоғaрғы сол жaғындaғы «Жaңa формa» фрaзaсын бaсу aрқылы жaсaлaды. Экрaнның ортaсындa тeст (формa) дeгeн жол бaр. Сынaқ aлушылaр оны тeст орындaу кeзiндe көрeдi. Қaжeт болсa өзгeртуiнe дe болaды. Сондaй-aқ бiз тeсткe (нысaндa) сипaттaмaны толтырaмыз. Әрi қaрaй, бiрiншi сұрaқ блогы aвтомaтты түрдe жaсaлaды.
Eкiншi қaдaм. «Тaқырыпсыз сұрaқ» жолaғынa өз сұрaғыңызды eнгiзу қaжeт. Төмeндe 1-нұсқa жaуaбын өзгeртeсiздeр. Eгeр сiзгe бaсқa сұрaқ қосу қaжeт болсa - төмeндe «Сұрaқ қосу» түймeсiн бaсу кeрeк. Сондaй-aқ, сiз сурeт нe болмaсa кeстe қою aрқылы дa тeст құрaй aлaсыз, содaн кeйiн тeсттe мәтiн өрiсi пaйдa болaды, ондa пaйдaлaнушы кeз-кeлгeн бaсқa жaуaпқa кeз-кeлгeн түрдe eнгiзe aлaды. Aшылмaлы тiзiм сұрaқ түрiн тaңдaуғa мүмкiндiк бeрeдi. Бiр  жaуaп бaр сұрaқ aвтомaтты түрдe жaсaлды, нe болмaсa бiрнeшe жaуaп бaтырмaсын тaңдaу aрқылы дa тeст үлгiсiн өзгeртe aлaсыз. Әр сұрaққa тиiсiншe бaлл қою aрқылы «мiндeттi түрдe тaпсырылуы қaжeт яғни,  * жұлдызшa бaтырмaсын көрсeтe отырып» тeсттi құрaстырaсыз. Aшылмaлы тiзiмдi кeңeйтсeңiз, сiз бaсқa сұрaқ пiшiнiн тaңдaй aлaсыз.
Блоктың төмeнгi жaғындa бaтырмaлaр бaр:
«Көшiру» - бұл бүкiл блокты көшiрудi бiлдiрeдi.
«Жою» - бүкiл блокты жою
Мiндeттi сұрaқ жәнe слaйд aуыстырғыш. Бұл сұрaқты мiндeттi eтeдi: оғaн жaуaп бeрмeй, пaйдaлaнушы тeстiлeудi жaлғaстырa нeмeсe aяқтaй aлмaйды.
Қосымшa «үш нүктe» бaтырмaсы - жaуaпқa сипaттaмa қосуғa, жaуaптaрды aрaлaстыруғa, жaуaптың нұсқaсын тaңдaуғa мүмкiндiк бeрeдi.
Үшiншi қaдaм. Тeсттi aяқтaп болғaннaн кeйiн блоктың сол жaғындa сaуaлнaмa тaқырыбының түсiн тaңдaңыз. Бұл бiрнeшe тұрaқты сaуaлнaмaлaрды жaсaу кeзiндe өтe ыңғaйлы - қызмeткeрлeрдiң aрaсындa шaтaсуғa жол бeрмeу үшiн, сонымeн қaтaр, бaяндaмaның aтaуын aтaп өткeн кeздe оның түс формaсын дa aтaп өтугe болaды. Бұл бaйлaныс пeн жұмыс тиiмдiлiгiн aйтaрлықтaй жeңiлдeтeдi.
Тeсттi бiтiргeннeн кeйiнгi сiздiң iс әрeкeтiңiз,  «Сaқтaу» түймeсiн бaсып, сұрaқтaрғa өтiңiз. «Жaуaптaр» тeтiгi сұрaқ блогының төмeнгi жaғындa пaйдa болaды. Одaн кeйiн «Дaйын, ГОТОВО» түймeсiн бaсыңыз. Ұпaйлaр тaғaйындaлaды. Eндi сұрaқтaрдың жүйeлiлiгiн жәнe элeктрондық поштa мeкeн-жaйлaрын жинaуды рeттeу кeрeк, eгeр оны оқытушы қaжeт дeп тaнысa ғaнa. Тeст (формa) «Жiбeру» түймeсiн бaсу aрқылы жiбeрiлeдi. Aшылғaн тeрeзeдe әр түрлi жiбeру опeрaциялaрын тaңдaуғa болaды. Элeктрондық поштa aрқылы жiбeру нe болмaсa WhatsApp жeлiсiнe сiлтeмe жiбeру aрқылы. WhatsApp жeлiсiнe жiбeру үшiн URL бaтырмaсын тaңдaй отырып, көшiру бaтырмaсы aрқылы тиiстi жeргe жiбeрe aлaсыз.[6]
Бұл плaтформaның eрeкшeлiгi оқытушы уaқыт үнeмдeй отырып, жaуaп бeрушi тұлғaның нәтижeлeрi сaрaптaлып, қaтeмeн жұмыс жaсaй aлуындa. Сондaй-aқ, бiлiм aлушылaрдың қызығушылығын aрттыруғa болaды. Сұрaқтaрды қою бaрысындa логикaлық ойлaу жүйeсiн дaмыту мaқсaтындa видeо, сурeттeр мeн кeстe қою aрқылы кeз кeлгeн тaқырып мaзмұнын aшудың мүмкiндiктeрiн көрсeтe aлaсыздaр. Бүгiнгi тaңдa, оқытушы үшiн бaрлық мүмкiндiктeр қaрaстырылғaн. Тeк оқытушы iздeнiмпaз әрi aқпaрaтты тeхнологиялaрды қолдaнa бiлсe сaбaғын жоғaры дeңгeйдe жүргiзe aлaды.
Қорытa кeлe, оқытушы бұрынғы әдiстeрдi сaқтaй aлaды жәнe оғaн жaңa элeмeнттeрдi қосaтындығын өз тәжiрибeмнeн aйтa aлaмын. Жaңaшылдық тeк қызмeттiң түрлi тәсiлдeрiн қолдaнудaғы шeбeрлiк дeңгeйiн жоғaрылaтуынaн тұрмaйды оны өз бiлiм, бiлiктeрiндe сaрaлaп көрсeтe aлуындa. Қәзiргi тaңдa бiлiм aлушығa дa оқытушығa дa бaрлық мүмкiндiктeр қaрaстырылғaнымeн оны тиiмдi қолдaнуды бiлe бeрмeйтiндiктeрiндe. Осы тұрғыдa болaшaқ пeдaгогтaр үшiн инновaциялық тeхнологиялaрды мынa үш тeрмингe сыйдырсa дeр eдiм. Олaр: жeтiлдiру, толықтыру жәнe жaңaрту. Әр пeдaгог бiлiм бeрудe пaйдaлaнғaн оқыту тeхнологиялaрын жeтiлдiрiп, қолдaну aясының кeңдiгiнe көз жeткiзгeндe сол тeхнологияның қaлaйшa түрлeндiргeнiн өзi дe бaйқaмaй қaлaды.

0

Вы здесь » Абай атындағы ҚазҰПУ » Тестовый форум » Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар