12. "БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ" ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
А.К. Сапакова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, жаратылыстану -ғылыми пәндер оқу кафедрасының доценті м.а., биология ғылымдарының кандидаты, sapakova.aygul@mail.ru, М.К.Исенова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, Білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты
Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушыларға «баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу; коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту» [1] екендігі айтылған. Осымен бірге, білім алушылардың пән бойынша біліктіліктерін игертуде оқытудың электронды системасын жүзеге асыруға және білім алушылардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керектігі айқындалған.
Ақпараттық технологиялар адам өмірінің барлық сферасына тұрақты әрі сенімді түрде еніп жатыр. Олардың ішінде оқыту жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Еліміздегі оқытуды ақпараттандырудағы негізгі мақсат – АКТ қолдана отырып, бірегей ақпараттандырылған жүйе орнату негізінде білім беру сапасын жоғарылату болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жоғары оқу орнындағы маңыздылығы жоғары мәселелердің бірі – болашақ маманды өз кәсібінің шебері ретінде тәрбиелеу, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, білімнің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады [2].
Жаңа технологиялардың жаппай таралуы білім беру саласына жаңа техникалар ғана емес, дидактикалық мүмкіндіктер де әкелді. Компьютерлердің басты артықшылықтарының бірі – олардың қол жетімділігі, графикалық және басқа да мүмкіндіктерді айтуға болады.
Ғылыми –техникалық прогресс, адамдардың жалпы қызметінің әртүрлі сферасына ақпараттық және коммуникабельдік технологияны енгізу, білім беруді ақпараттандыруда үнемі біліктілікті көтеру болашақ мамандарды даярлауда жаңа талаптар қойып отыр.
Білім беру жүйелерінің әртүрлі модельдерін дамытудағы қазіргі заманғы тәсілдер мен үрдістер біздің ғылым мен жоғары технологиялар болашақ жас ұрпақтың үйлесімді дамуында негізгі рөл атқаратын және көбінесе жалпы білім беру процесінің сапасын анықтайтын әлемде өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді. Білім беру мекемелерін компьютерлендіру қажеттілігі күн сайын артып келеді. Жаңа технологиялардың жаппай таралуы білім беру саласына жаңа техникалар ғана емес, дидактикалық мүмкіндіктер де әкелді. Компьютерлердің басты артықшылықтарының бірі – олардың қол жетімділігі, графикалық және басқа да мүмкіндіктерді айтуға болады.
Оқу процесінде ақпараттық технологияны қолдану білім алушыға ақпарат беру жылдамдығын арттыруға және оны түсінудің қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді, интуиция, кәсіби инстинкт, білім алушылардың бейнелі және шығармашылық ойлауы сияқты жеке қасиеттердің дамуына ықпал етеді.
Электрондық оқу-әдістемелік құрал – жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде құрылған, стандарттың дидактикалық бірліктерімен және бағдарламамен анықталған мамандықтар мен бағыттардың білім беру стандарты пәнінің құрамдас бөлігіне толық сәйкес келетін, интерактивті кері байланыс жағдайында оқу процесінің дидактикалық циклінің үздіксіздігі мен толықтығын қамтамасыз ететін негізгі білім берудің электрондық басылымы. Электрондық оқулықты дидактикалық қасиеттерін жоғалтпай қағаз нұсқасына дейін қысқартуға болмайды [3].
Электрондық оқулықта материалды әр түрлі күрделілік деңгейінде, материалға ену тереңдігі әртүрлі, сонымен қатар білім алушылардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып (мысалы, аудио, визуалдар, кинестетика) ұсынуға болады.
Электрондық оқулық АКТ құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:
- танымдық тапсырма қою;
- оқу материалының мазмұнын көрсету;
- алғашқы білімді қолдануды ұйымдастыру (ғылыми білімді қалыптастыру нәтижесінде жеке тапсырмаларды орындау бойынша қызметті ұйымдастыру);
- кері байланыс, студенттердің қызметін бақылау;
- одан әрі оқу қызметіне дайындықты ұйымдастыру[7].
Электрондық оқулықтар, әдетте, қағаз тасымалдағыштағы дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие. Электрондық оқу құралдарын әзірлеу барысында келесі артықшылықтарды атап кеткен жөн:
• ақпаратты магниттік тасымалдаушыда немесе Интернет желісінде оқу материалын сақтаудың ықшамдылығы;
• интерактивті режимде оқу тапсырмаларын модельдеу және шешу;
• оқу материалын сызықтық және сызықтық емес форматта ұсыну;
• ыңғайлы іздеу жүйесі және оңтайлы қарқынмен жеке траектория бойынша оқу мүмкіндігі бар;
• оқу материалын рәсімдеу үшін мультимедиялық құралдарды (графикалық, аудиовизуалды және анимациялық нысандар) пайдалану;
• тапсырмаларды орындау нәтижелерін хаттамалаудың арқасында студенттердің оқу іс-әрекетінің мониторингін жүзеге асыру [8].
Электрондық оқулық тиімділігі:
– уақыт үнемдейді
– Көп ақпарат алады, дайын көрнекілік
– Мәліметті тереңірек алады
– Өз бетінше білім алады
– Өз білімін тексеріп, бағалай алады
– Шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні бойынша дидактикалық принциптермен (ғылымилығы, адамгершілік, жүйелілік, дәйектілік, көрнекілік, қол жетімділік, циклдік, белсенділік, сана, білімнің беріктігі, теорияның практикамен байланысы) бір сарыңда әрекет ететін әдістемелік принциптерге сәйкес электрондық оқулық құрастырылды. Электрондық оқу-әдістемелік кешен TurboSite бағдарламасы негізінде құрастырылды. Бағдарламалығы теориялық бөлім пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Жалпы электрондық оқу-әдістемелік құралда:
1. Дәріс материалдары
2. Зертханалық жұмыстар
3. Анықтамалар
4. Бейнематериалдар, презентациялар
5. Әр түрлі дидактикалық тапсырмалар және тағы да басқа қосымша бөлімлер қамтылған.
Оқу процесі білім берудің бір бөлігі ретінде күрделі функцияларды орындайтынын және жеке тұлғаның қалыптасуына өз септігін тигізетін ақпараттық технология. Заман талабына сай ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі болып табылады. Электрондық оқулық білім алушы – компьютер – оқытушы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. Заман талабына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану білім сапасын арттыруға оң нәтиже беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электронды оқулықтардың дәстүрлі оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
– кері байланыс кезінде ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті материалды жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді;
– дәстүрлі оқулықта өзін-өзі бағалау нәтижесін көре алмайды, ал электрондық оқулықта тапсырған тест тапсырмалары арқылы нәтижені бірден көруге және қатені де көріп, қайта тапсырып көруге болады;
– мәліметтерді түсіндіру барысында арнайы сілтемелерді қолдана отырып бір тақырыптан келесі тақырыпқа тез өтіп, уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Соның ішінде ЖОО білім алушыларына оның ішінде «Химия» мамандығының білім алушыларына жалпы және арнайы пәндер бойынша қолжетімді электрондық ресурстармен оқыту барысында білім алушылардың білім деңгейін арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді, өз білімдерін өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді, бұл оқу процесінің тиімділігінің қажетті шарты болып табылады.
Заман талабына сай жан-жақты, мықты, білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн.
Отредактировано Мадина (2021-02-19 19:21:25)