Абай атындағы ҚазҰПУ

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Абай атындағы ҚазҰПУ » Тестовый форум » Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар


Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар

Сообщений 1 страница 30 из 51

1

ХХІ ҒАСЫР Сізді 2021 жылдың 20 ақпан күні «ХХІ ғасыр педагогтерін дайындаудың заманауи ғылыми-әдістемелік талаптары» тақырыбында өтетін Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қатысуға шақырамыз.

Мақсаты: заман талабына сай, бәсекеге қабілетті педагогтерін дайындаудағы заманауи ғылыми-әдістемелік талаптар жайында пікір және тәжірибе алмасу.

Мақсатты аудитория: ЖОО-ның әдіскерлері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтықтан білім беру ортылығының әдіскерлері, магистранттары мен докторанттары

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Жаратылыстану және география институты

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би, 32.

Өтетін күні және уақыты: 20 ақпан,   2021 жыл, сағат 10:00 (Алматы уақытымен)

Өткізілу форматы: ZOOM Идентификатор конференции: 449 790 9729
Код доступа: 9qZZqy
https://zoom.us/j/4497909729?pwd=TStzZ0 … ZRbzV3Zz09

Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институты, «Химия» білім беру бағдарламалар тобыПЕДАГОГТЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛАПТАРЫ» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар

0

2

Құрметті «ХХІ ғасыр педагогтерін дайындаудың заманауи ғылыми-әдістемелік талаптары» тақырыбында өтетін Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға
                                                         
                                              қатысушылар осы форум сайтында тіркеліп пікір таласқа қатысып, сұрақ қоюларыңызға болады.
                           
                                                   
                                                               Төменде көрсетілген баяндама тақырыптары тұсына  қатысты сұрақ, пікірлеріңіз болса жазыңыз!!!

ФОРУМ УАҚЫТЫ: 2 КҮН (20-21 АҚПАН)

0

3

1 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Байташева Гаухар Умиралиевна, а/ш.ғ.к., профессор м.а., ҚазҰлтҚызПУ
Баяндамаға қатысты сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

4

2 ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Боранбаева Салтанат Маратқызы “7М01504-Химия” ББ 2-курс магистранты, Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Имангалиева Базархан Сагинаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Баяндамаға қатысты сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

5

3 ХИМИЯ КУРСЫ БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ
Есениязова Назерке Мұхамбетжанқызы “7М01504-Химия” ББ 1-курс магистранты, Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Имангалиева Базархан Сагинаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

6

4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. Бейорганика және техника кафедрасының профессоры Кокибасова Гүлмира Толепбергеновна

Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

7

5 БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚУ ДАЛА ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Назарова Гүлмира Асылбекқызы п.ғ.к., аға оқытушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

8

6 ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
К.Ш.Арынова п.ғ.к., аға оқытушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

9

7 БҮГІНГІ СТУДЕНТ – ЕРТЕҢГІ МАМАН
Мырзахметова Нурбала Оразымбековна химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚазҰлтҚызПУ
Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

10

8 ҚАЗІРГІ ОҚУ-БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ДИКТОРОЛИКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Гайсина Гулайым Жексенбаевна 6D011200-«Химия» мамандығының 3-курс докторанты, Абай атындағы ҚазҰПУ
Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз болса, осында жазыңыз

0

11

9. ХИМИЯ ПӘНІН ЖАҢА ФОРМАТТА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Абекова Рысжан Сармурзановна п.ғ.к., доцент м.а. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, «Химиялық технологиялар және экология» кафедрасы., Мынқамырова Гулнара Ерғазыевна пән мұғалімі «Б.Майлин атындағы орта мектеп бақшасы» КММ
Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

0

12

10. ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ТЕСТОВЫХ ЗАДАНИЙ ПРИ ИЗУЧЕНИИ ДИСЦИПЛИНЫ "ФИЗИЧЕСКАЯ И КОЛЛОИДНАЯ ХИМИЯ"
А.Н.Нурекенова. доцент кафедры естественнонаучных дисциплин НАО Университет имени Шакарима города Семей, кандидат биологических наук, aigulnig__99@mail.ru., А.Мурзабекова, магистрант 2 курса естественно-математического факультета НАО Университет имени Шакарима города Семей

0

13

11. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
А.К. Сапакова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, жаратылыстану - ғылыми пәндер оқу  кафедрасының доценті м.а., биология ғылымдарының кандидаты,  sapakova.aygul@mail.ru., М.К.Садуова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, Білімді жалғастыру факультеті, 1 курс магистранты

0

14

12. "БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ" ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
А.К. Сапакова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, жаратылыстану -ғылыми пәндер оқу  кафедрасының доценті м.а., биология ғылымдарының кандидаты, sapakova.aygul@mail.ru, М.К.Исенова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, Білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты

0

15

13. ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОРНАТЫЛҒАН КЕРІ БАЙЛАНЫС ӘДІС ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.К. Сапакова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, жаратылыстану -ғылыми пәндер оқу  кафедрасының доценті м.а.,
биология ғылымдарының кандидаты, sapakova.aygul@mail.ru, Т.Б.Белялова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, Білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты

0

16

14. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ   ХИМИЯ   ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ  МАЗМҰНЫ МЕН ОҚУ МАҚСАТТАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АРА ҚАТЫНАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Д.Р. Онтагарова, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, жаратылыстанy-ғылыми пәндер кафедрасының доценті м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты, diko-68@mail.ru, Г.Салбат, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты

0

17

15. «ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН-ДАҒЫ  МАҢЫЗЫ»
Сыздыкова Айгерим Салютхановна, Қорқыт-Ата атындағы ҚМУ ІІ курс магистранты

0

18

16. ХИМИЯНЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ВЕБ-ФОРУМДАРДЫ ҚОЛДАНУ
Нурмаханова Дина Ерхановна 6D011200-«Химия» мамандығының 3-курс докторанты, химия ғылымдарының докторы Мейирова Гүлжамила Ибрашевна, Абай атындағы ҚазҰПУ

0

19

17 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ МҰҒАЛІМГЕ  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ
Кулумбетова Онласын Куатовна 6D011200-«Химия» мамандығының 3-курс докторанты, педагогика ғылымдарының доценті Унербаева Зульфия Оралбаевна,  Абай атындағы ҚазҰПУ

0

20

18. БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
Алтынбекова Минаш Оразбаевна химия ғылымдарының кандидаты, доцент

0

21

19. DISCORD, ZOOM ПЛАТФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНЫП, ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПОЛИМЕРЛІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Т.Т. Кужакова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Қaзіргідeй білім мен техника дaмығaн зaмaндa ғылым мен инновациялық технологияның дамуы арқасында заманауи жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жүйесі маңызды рөл атқарып отыр. Оның үстіне әлемде болып жатқан жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында барлық университеттер қашықтықтан оқуға көшті.
Қашықтықтан оқыту технологиясы-оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.
Қашықтан оқыту-компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады [1].
Қашықтықтан білім беру-жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-cырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген  түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан білім беру жүйесін дамытудың ең негізгі мақсаттарының бірі – білім алушылардың кез-келген колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламасы бойынша білім алуға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жұмыс бабымен жұмыстан шығуға мүмкіндігі болмайтын жандарға, бала күтімімен отырған аналарға білімін арттыруға жағдай туғызу және білім берудің ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттер мен магистранттардың білім деңгейінің дәрежесін жоғарылату.
Сондай-ақ, қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің қатысуынсыз студенттер назарын өзінен тыс қалдырмайтын қабілеттілігіне байланысты. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын-ала жоспарланып, алдын-ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы – виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.
Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл.
Синхрондық деп аталатын өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Яғни студент пен оқытушы бір-бірін виртуалды көре отырып, өздерін толғандырған сұрақтарға студенттер нақты іс-әрекетпен немесе практикалық тұрғыда көріне отырып, жауап береді.
Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе теле конференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе а синхрондық) – қашықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары [2].
«Zoom» бағдарламасы арқылы сабақ өткізу, вебинар, семинар өткізу өте тиімді. Себебі, оқытушының сабағына бір мезетте тыңдаушылар қатысып, слайд арқылы берілген тақырыпты көріп, тыңдап, кері байланыс жасауына да мүмкіндік беріледі. «Zoom» бағдарламасын пайдалану үшін оқытушы мен тыңдаушыға кең жолақты интернет, компьютерге немесе смартфонға жүктелген бағдарлама болуы шарт. Сонымен қатар «Discord» бағдарламасыда өте қолайлы болып табылады. Бағдарламада басқа бағдарлмалардың ең жақсы тұстары жинақталған. Ақылы түрлері жоқ, дыбыс шығаруы өте сапалы, уақыт шектеулігі жоқ.
Органикалық және полимерді қосылыстардың алынуын, химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде «YOU TUBE» желісі арқылы онлайн сабақ беру барысында көрсетуге болады және де «Виртуальды лаборатория» бағдарламасы арқылы түрлі тәжірибелерді сабақ барысында жасауға болады.
Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
- Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану
- Интерактивті әрекеттесу формалары
- Сапалы білім алу
- Уақытты және қаражатты үнемдеу
- Ыңғайлы уақытта оқу
- Территориялық шектеулер жоқ, әлемнің кез-келген жерінде жүріп, сабаққа қатысу мүмкіндігі бар және тек өз тұрғылықты жеріңде емес, келген басқа қалаларда, басқа елдерде білім алуға көп мүмкіншілік бар.
- Егер ауа-райы бұзылып, сақтану мақсатында оқудан босатылып жатырса, қашықтықтан оқытудың оған еш қатысы болмайды.
- Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Қашықтықтан оқытудың өзіне тән кемшіліктері де бар.
Егер электр тоғы өшіп қалса, немесе комьпютерде ақау болса, маңызды семинар кезінде интернет желісі нашарлап кетсе, қиындық туғызады.
- Университен өміріне белсене араласа алмайды [4].
      «…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақтың қолында … Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»” – деп елбасымыз Н. Назарбаев айтып өтті. Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың Онлайн тәсілін алға қарай дамыта беруіміз қажет.

0

22

20.
А.У. Абулгазиев, аға оқытушы,
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қаласы

Бүгін мектеп алдында оқушыларға тез өзгеретін қоғамның жағдайына бейімделіп қана қоймай, лайықты орын алуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім берудің тәсілдерін табу міндеті тұр. Осыған орай мектеп қабырғасында оқушылардың географиялық құзіреттілігін қалыптастырудың әдіс тәсілдерімен бөліскелі отырмын.
География сабағында құзыреттілік тәсілдің ерекшеліктерін қарастыру міндеттері
1.Зерттелетін мәселе бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиетті оқу;
2.География сабағында негізгі құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін мұғалім үшін маңызды әдістер мен тәсілдерді анықтау;
3. География сабақтарында анықталған әдістер мен тәсілдерді апробациялау.
Құзыреттілік белгілі бір заттар мен процестердің шеңберіне қатысты қойылатын және оларға қатысты сапалы өнімді қызмет үшін қажетті жеке тұлғаның (білім, білік, дағды, қызмет тәсілдері) өзара байланысты қасиеттерінің жиынтығын қамтиды. Оқушы үшін құзыреттілік - оның меңгеруге бағдарланған болашақ бейнесі. Коммуникация-өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас актісі, екі және одан да көп индивидтердің арасындағы байланыс, бір тұлғаның екінші немесе бірнеше тұлғалардың ақпаратты дұрыс қабылдай білуі.
Коммуникативтік құзыреттілік – бұл білім, іскерліктер және онымен байланысты бірнеше компоненттер, олардың мазмұны сөйлеу қызметінің төрт түрі: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу арқылы өмірде жүзеге асырылады. Қазіргі мектепте оқытудың жағдайы баладан жаңа күрделі коммуникативтік міндеттерді белсенді шешуді талап етеді: оқылатын материал бойынша оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен іскерлік қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сондықтан балада ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынастың жоғары нысандарын дамыту өте маңызды, бұл мұғалім мен оқушы арасындағы, сыныптастар арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа түрін қалыптастырудың алғышарты.
География пәнін меңгерудегі басты құзіреттіліктің бірі картографиялық білім.Картамен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек. Картасыз кеңістіктік қызметпен байланысты болса да, бірде-бір бастама (карта барлық географиялық құрылымдардың альфа және омегасы ) мүлдем ойсыз. "Географияда ол-бәрі және онсыз қадам басуға болмайды",-дейді ұлы географ П. П. Семенов-Тян-Шанский.
Географияның қазіргі заманғы әдістемесі тұрғысынан карта оқытудың үш бірдей құралы болып табылады: ол зерттеу объектісі, көрнекілік құралы және зерттелетін географиялық құбылыстар туралы білім көзі болып табылады. Картографиялық білімнің барлық үш компоненті өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекеттеседі, өйткені картаны білмей оны көрнекілік құралы және білім көзі ретінде пайдалану мүмкін емес. Географиялық карта тілін қолдану адамға өмір бойы керек. Карталар туралы 5-6 сыныптағы Жаратылыстану пәніндеде тоқталады. Ол кіріктірілген пән болғандықтан толыққанды тоқталып өтпейді.  Ал 7-сыныптағы картография және деректер базасын құру бөлімінде негізгі мақсатқа қойылған. Осылайша, оқушылар карта туралы білім нақты (немесе гипотетикалық) жағдайды ойша түрлендірудің құралы болған кезде ғана "карта" ұғымының қалыптасқанын айтуға болады. Қазіргі кезде сабақ беру барысында әртүрлі тиімді әдістерді дұрыс таңдап , оны оны оқушыларға дұрыс ұсына білсек, болашақта тек географиялық ойлау сауаттылығын  қалыптастырумен бірге басқа пәндерді тез меңгеріп кетуіне жол ашамыз.

0

23

21. УНЕРБАЕВА З.О.
Абай атындағы ҚазҰПУ- п.ғ.к., доцент, жаратылыстану және география кафедрасы, Алматы қ.
ТЛЕУОВА Ж.У.
1-курс магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ,  «Жамбыл атындағы ОММДШО» КММ химия-биология пән мұғалімі
Тақырып: Орта мектепте химия пәнін қашықтықтан үштілде оқытудағы ресурстар

Мақсаты:Қашықтықтан оқытуды үштілдегі технологиямен кіріктіре қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші — адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.      Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
Интерактивті әрекеттесу формалары;
Сапалы білім алу;
Уақытты үнемдеу;
Ыңғайлы уақытта оқу;
Территориялық шектеулер жоқ;
Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.
Үштілді оқыту: Оқыту тереңдету негізінде жүзеге асырылады: мазмұны, қарым-қатынасы, танымы және мәдениеті. Бұл компоненттердің барлығы бір-бірімен үздіксіз байланыста болады;
• сыныпта қауіпсіз психологиялық климат құруды талап етеді;
• тек бір (шетел) тілді, бір мұғалім мен аудиторияны қолдануды білдіреді;
• материалды жақсы түсіну үшін мұғалім мимиканы, қимылдарды, суреттерді, презентация дыбысын және т.б. байланыстыра алады.
Оқытуға арналған тіл - бұл оқу процесінде еркін сөйлеу үшін қажет тіл, яғни оқушылар сұрақтар қойып, оларға жауап бере алуы, келісімді немесе келіспейтіндігіңізді білдіруі, есептер жаза білуі және жобалық қызметті жүзеге асыруы қажет. Біздің ойымызша, мазмұнға байланысты бөлімді меңгеру процесінде еркін сөйлеу үшін қажет тілге басымдық беру керек.
Химия пәні мұғалімінің қашықтықтан үштілдегі сабаққа дайындығы келесі әрекеттерді қамтиды
• Пәндік тілді оқыту барысында оқушыларда кездесетін қиындықтарды анықтау және болашақта оларды болдырмау мақсатында оқушылардың сабақтарында байқау.
• Химия және ағылшын пәндері бойынша әдістемелік әдебиеттермен жұмыс.
• тақырып бойынша зерттелген тақырыптық материалды түсіну үшін қажетті лексикалық минимумды таңдау. Пән бойынша жаңа тақырыптық сөздерді енгізудің әдістемелік әдістерін таңдау.
• Оқушылардың пәндік және тілдік дайындығын, сонымен қатар сабақта қойылған міндеттерді ескере отырып, пәндік-тілдік оқыту әдістерін, әдістемелік тәсілдерін, формалары мен құралдарын таңдау.
• Дидактикалық материалдар, сондай-ақ компьютерлік презентациялар, қызықты ойындар, видео материал) ана (қазақ / орыс) және ағылшын тілдерінде дайындау.
• BilimLend онлайн білім беру платформасын белсенді пайдалану.
• таңдалған әдіс-тәсілдерді, әдістемелік техниканы, пәндік-тілдік оқытудың формалары мен құралдарын қамтитын сабақтың жоспары мен контурын құру.
Сабақ барысында тілдік оқыту процесінде химия мұғалімінің қызметіне мыналар кіреді:
• Оқушылардың пәндік-тілдік кіріктірілген оқытудағы іс-әрекет алгоритмін ашу.
• Ағылшын тілінде тақырыптық ақпарат беру (ауызша әңгіме, әңгіме, жазбаша мәтін, видео және т.б.).
• Оқушылардың  толыққанды жұмысы үшін химияны пәндік-тілдік оқытудың әр түрлі құралдарымен қамтамасыз ету: сөздіктер, дидактикалық карточкалар, салыстырмалы схемалар, визуалды қолдау карталары және т.б.
• CLIL әдісі арқылы оқушыларға жұмыстарына көмектесу.
• Оқушылардың пәндік-тілдік жұмыстарының нәтижелерін тексеру.
• жұмыс нәтижелерін шығмынадай ресурстарды қолданып практикамда іске асырдым.
- https://jamboard.google.com   тақтасы.
- https://np1.nearpod.com
- https://www.canva.com
- https://www.mindmeister.com
-https://simpoll.ru
-https://wordwall.net
-https://www.flippity.nethttps
- https://www.educandy.com
Қорыта:
Қашықтықтан үштілде оқыту барсындағы ресурстарды тиімді қолдану арқылы сабақты тиімді және үнемді пайдалану Ол :
оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе химиялық құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік алады;
пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі;
жалпы танымдық қабілеттердің дамуына әсер етеді;
өткен материалдардағы құбылыстар мен заңдылықтарды көре отырып, сабақты пысықтауға мүмкіндік береді.
материалдарды тез меңгеруге, сонымен бірге уақыт ұтуға, пәнді біріктіріп оқуға жағдай жасайды, пәннің сапасы мен мазмұнына да түбегейлі өзгерістер енгізеді.
табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құрылыстарды экранда көруге, модель арқылы зерттеуге мүмкіндік береді.

Қолданылған әдебиеттер
1. Г.К Bentley, Kay (2010) TKT Course CLIL Module CUP
2. Mehisto, P., Marsh D., Frigols, M.J. (2008) Uncovering CLIL. Content and Language Integrated Learning in Bilingual and Multilingual Education. Macmillan Books for Teachers. Macmillan Education
   3. Запрудский, Н.И. Современные школьные технологии-2 / Н.И. Запрудский. – Мн: Сэр-    Вит, 2010. 252 с.

Отредактировано tleuova.zhadyra (2021-02-20 08:36:19)

0

24

12. "БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ" ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
А.К. Сапакова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, жаратылыстану -ғылыми пәндер оқу  кафедрасының доценті м.а., биология ғылымдарының кандидаты, sapakova.aygul@mail.ru, М.К.Исенова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, Білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты

   Білім беруді дамытудың  2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушыларға «баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу; коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту» [1] екендігі айтылған. Осымен бірге, білім алушылардың пән бойынша біліктіліктерін игертуде оқытудың электронды системасын жүзеге асыруға және білім алушылардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керектігі айқындалған.
Ақпараттық технологиялар адам өмірінің барлық сферасына тұрақты әрі сенімді түрде еніп жатыр. Олардың ішінде оқыту жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Еліміздегі оқытуды ақпараттандырудағы негізгі мақсат – АКТ қолдана отырып, бірегей ақпараттандырылған жүйе орнату негізінде білім беру сапасын  жоғарылату болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі  жоғары оқу орнындағы маңыздылығы жоғары мәселелердің бірі – болашақ маманды өз кәсібінің шебері ретінде тәрбиелеу, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, білімнің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады [2].
Жаңа технологиялардың жаппай таралуы білім беру саласына жаңа техникалар ғана емес, дидактикалық мүмкіндіктер де әкелді. Компьютерлердің басты  артықшылықтарының бірі – олардың қол жетімділігі, графикалық және басқа да мүмкіндіктерді айтуға болады.
Ғылыми –техникалық прогресс, адамдардың жалпы қызметінің әртүрлі сферасына ақпараттық және коммуникабельдік технологияны енгізу, білім беруді ақпараттандыруда үнемі біліктілікті көтеру болашақ мамандарды даярлауда жаңа талаптар қойып отыр.
Білім беру жүйелерінің әртүрлі модельдерін дамытудағы қазіргі заманғы тәсілдер мен үрдістер біздің ғылым мен жоғары технологиялар болашақ жас ұрпақтың үйлесімді дамуында негізгі рөл атқаратын және көбінесе жалпы білім беру процесінің сапасын анықтайтын әлемде өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді. Білім беру мекемелерін компьютерлендіру қажеттілігі күн сайын артып келеді. Жаңа технологиялардың жаппай таралуы білім беру саласына жаңа техникалар ғана емес, дидактикалық мүмкіндіктер де әкелді. Компьютерлердің басты артықшылықтарының бірі – олардың қол жетімділігі, графикалық және басқа да мүмкіндіктерді айтуға болады.
Оқу процесінде ақпараттық технологияны қолдану білім алушыға ақпарат беру жылдамдығын арттыруға және оны түсінудің қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді, интуиция, кәсіби инстинкт, білім алушылардың бейнелі және шығармашылық ойлауы сияқты жеке қасиеттердің дамуына ықпал етеді.
Электрондық оқу-әдістемелік құрал – жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде құрылған, стандарттың дидактикалық бірліктерімен және бағдарламамен анықталған мамандықтар мен бағыттардың білім беру стандарты пәнінің құрамдас бөлігіне толық сәйкес келетін, интерактивті кері байланыс жағдайында оқу процесінің дидактикалық циклінің үздіксіздігі мен толықтығын қамтамасыз ететін негізгі білім берудің электрондық басылымы. Электрондық оқулықты дидактикалық қасиеттерін жоғалтпай қағаз нұсқасына дейін қысқартуға болмайды [3].
Электрондық оқулықта материалды әр түрлі күрделілік деңгейінде, материалға ену тереңдігі әртүрлі, сонымен қатар білім алушылардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып (мысалы, аудио, визуалдар, кинестетика) ұсынуға болады.
Электрондық оқулық АКТ құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:
- танымдық тапсырма қою;
- оқу материалының мазмұнын көрсету;
- алғашқы білімді қолдануды ұйымдастыру (ғылыми білімді қалыптастыру нәтижесінде жеке тапсырмаларды орындау бойынша қызметті ұйымдастыру);
- кері байланыс, студенттердің қызметін бақылау;
- одан әрі оқу қызметіне дайындықты ұйымдастыру[7].
Электрондық оқулықтар, әдетте, қағаз тасымалдағыштағы дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие. Электрондық оқу құралдарын әзірлеу барысында  келесі артықшылықтарды атап кеткен жөн:
• ақпаратты магниттік тасымалдаушыда немесе Интернет желісінде оқу материалын сақтаудың ықшамдылығы;
• интерактивті режимде оқу тапсырмаларын модельдеу және шешу;
• оқу материалын сызықтық және сызықтық емес форматта ұсыну;
• ыңғайлы іздеу жүйесі және оңтайлы қарқынмен жеке траектория бойынша оқу мүмкіндігі бар;
• оқу материалын рәсімдеу үшін мультимедиялық құралдарды (графикалық, аудиовизуалды және анимациялық нысандар) пайдалану;
• тапсырмаларды орындау нәтижелерін хаттамалаудың арқасында студенттердің оқу іс-әрекетінің мониторингін жүзеге асыру [8].
Электрондық оқулық тиімділігі:
– уақыт үнемдейді
– Көп ақпарат алады, дайын көрнекілік
– Мәліметті тереңірек алады
– Өз бетінше білім алады
– Өз білімін тексеріп, бағалай алады
– Шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні бойынша дидактикалық принциптермен (ғылымилығы, адамгершілік, жүйелілік, дәйектілік, көрнекілік, қол жетімділік, циклдік, белсенділік, сана, білімнің беріктігі, теорияның практикамен байланысы) бір сарыңда әрекет ететін әдістемелік принциптерге сәйкес электрондық оқулық құрастырылды. Электрондық оқу-әдістемелік кешен TurboSite бағдарламасы негізінде құрастырылды. Бағдарламалығы теориялық бөлім пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. Жалпы электрондық оқу-әдістемелік құралда:
1. Дәріс материалдары
2. Зертханалық жұмыстар
3. Анықтамалар
4. Бейнематериалдар, презентациялар
5. Әр түрлі дидактикалық тапсырмалар және тағы да басқа қосымша бөлімлер қамтылған.
Оқу процесі білім берудің бір бөлігі ретінде күрделі функцияларды орындайтынын және жеке тұлғаның қалыптасуына өз септігін тигізетін ақпараттық технология. Заман талабына сай ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі болып табылады. Электрондық оқулық білім алушы – компьютер – оқытушы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. Заман талабына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану білім сапасын арттыруға оң нәтиже беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электронды оқулықтардың дәстүрлі оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
– кері байланыс кезінде ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті материалды жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді;
– дәстүрлі оқулықта өзін-өзі бағалау нәтижесін көре алмайды, ал электрондық оқулықта тапсырған тест тапсырмалары арқылы нәтижені бірден көруге және қатені де көріп, қайта тапсырып көруге болады;
– мәліметтерді түсіндіру барысында арнайы сілтемелерді қолдана отырып бір тақырыптан келесі тақырыпқа тез өтіп, уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Соның ішінде ЖОО білім алушыларына оның ішінде «Химия» мамандығының білім алушыларына жалпы және арнайы пәндер бойынша қолжетімді электрондық ресурстармен оқыту барысында білім алушылардың білім деңгейін арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді, өз білімдерін өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді, бұл оқу процесінің тиімділігінің қажетті шарты болып табылады.
   Заман талабына сай жан-жақты, мықты, білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн.

Отредактировано Мадина (2021-02-19 19:21:25)

+1

25

Дина написал(а):

4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. Бейорганика және техника кафедрасының профессоры Кокибасова Гүлмира Толепбергеновна

Баяндамаға бойынша сұрақ, пікірлеріңіз боса, осында жазыңыз

«5В011200- Химия» «5В012500-Химия-Биология» мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасында  «Оқу технологиялары» 6-шы модулі  элективті курстар келесі мақсатта құрастырылған: орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында ғылыми және педагогикалық, кәсіби және практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімге ие, жоғары білікті химия, химия- биология мұғалімін дайындау.
Осы мақсатқа жетуде болашақ мұғалімдерге  келесі элективті курстар ұсынылады:
- «Мектептің оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық технологиялары»
пәнінің курсында жеті модульдің мәселелері тақырыпшада қарастырылады: білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер; оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау; білім беру мен оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану; талантты және дарынды оқушыларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен білім беру; оқыту барысындағы көшбасшылық пен басқару.
- «Білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар»
пәні химияны оқыту методикасының бір бөлігі. Курстың мақсаты педагогикалық технологиялар туралы тұтас білімді меңгеруге жағдай жасау.  Курс міндеті: «технология», «педагогикалық технология» ұғымдарына анықтама беру; дәстүрлі және жаңа оқытудың педагогикалық технологиялардың мәнін  ашу; қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларға сипаттама. химия сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды кіріктіру жолдары;   жаңа педагогикалық технология негізінде құрылған сабақтардың үлгісін жасау, педагогикалық сараман кезінде сынақтан өткізу;
-«Химиядан есептер шығару әдістемесі» студенттерге  химия бойынша мектеп бағдарламасына сәйкес есептердің негізгі түрлерін шешуге үйрету әдістемесі қарастырылады.
-«Мектептік химиялық тәжірибені өткізу әдістемесі» пәні ағылшын тілінде өткізіледі (Metodology of carrying out school chemical experiments). Химия – эксперименттік ғылым. Қазіргі бағдарлама бойынша химиялық эксперимент әр түрлі  формада өткізіледі.  Пәнің мақсаты олардың жұргізу  әдістемесімен студенттерде  қалыптастыру.
- "Бейіндік білім беруде химияны оқытудың ерекшеліктері" пәні орыс  тілінде өткізіледі (Обучение химии в профильной школе).    Пән оқытудың мақсаты мұғалімдерді мектепте, кәсіптік-техникалық мектептерде жұмыс істеу үшін қажетті білімдермен және дағдылармен қаруландыру. Элективті курстар құрастыруға бейімдеу.
Университетің  педагика факультеті оқытушылары  тағы 2 элективті курстарын енгізген  «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» және «Зерттеу əдістері».
Элективті  курстарды игергеннің арқасында студенттер қазіргі заманғы теориялық және әдіснамалық тәсілдерді біледі; білім құндылығын түсінеді және үнемі толтыруға ұмтылады; білім беру және когнитивтік процестің сапасын қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер мен технологияларды (мақсатты белгілеу, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау және т.б.) қолданады; білім беру қызметін талдау және жоспарлау; білім беру қызметін көрсетуді, өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады деген ойдамыз.

+1

26

Дина написал(а):

11. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
А.К. Сапакова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, жаратылыстану - ғылыми пәндер оқу  кафедрасының доценті м.а., биология ғылымдарының кандидаты,  sapakova.aygul@mail.ru., М.К.Садуова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, Білімді жалғастыру факультеті, 1 курс магистранты

Жаһандық технологиялық даму біздің ғасырымызбен тұспа-тұс келгені мәлім. Өткен ғасырларда технология өте баяу дамыды және әр жаңалық үлкен әсер қалдыратын. Бүгінде жаңа технологиялар аса таңдану сезімін тудырмайды. Әрине, технология адамзат өркениетінің экономикалық және әлеуметтік құрылымының өзгеруімен бірге өзгерді.
Инновациялық технологияларды дамыту адам қызметінің өте маңызды және қызықты саласы болып табылады. Тиісінше, ХХІ ғасыр -  ақпараттық технологиялар ғасыры деп аталады. Компьютерлер, ғаламтор, мультимедиа біздің өмірімізге тез еніп кетті. Тепе-теңдікті сақтау үшін өмірдің әртүрлі салаларында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын игеру керек. Қоғамның барлық салаларын ақпараттандыру процестерін жеделдету – білім алушы алдына жаңа міндеттер қойды. Әлбетте әлемдік деңгейде енгізілген төтенше жағдай қашықтықтан оқыту процесінің қарқынды енуіне ықпал етті.
Тақырыпқа арқау болып отырған қашықтан білім беру формасының пайда болу тарихы тым әріде. Зерттеуші Дж.Вердуин, Т.Кларк қашықтықтан білім беруді мұғалім мен студенттердің білім алу құралдарының көмегімен, қашықтық деңгейінде процесті ұйымдастыру ұғымында сипаттайды. Қашықтықтан оқыту үдерісі туралы қазақстандық зерттеушілер: Ж.А.Қараев, Е.К.Балафанов, Е.Есбосынов аталмыш үдерісті идеяны жүзеге асыру әдісі негізінде көрсетеді.
Қашықтықтан оқытудың қажеттілігін уақыт дәлелдеуде. Мәселен, педагогика ғылымдарының докторы A.B.Хуторский бұл қажеттіліктің тым жақын арада болатынын  2000-жылдары болжады.  Расында қашықтықтан оқыту күнделікті өмірдің тұрмыстық тетігіне де айналып үлгерді [1].
Қашықтықтан оқыту әдістерінің кең спектрі білім алушының жеке талаптары мен қалауын ескере отырып, әдісті таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үрдістің субъектілері - мұғалімдер мен оқушылар болып табылады. Мұғалім -  оқу процесінің тиімділігіне ықпал етудегі маңызды буын. Тиісінше, ғаламтор мен жаңа инновациялық бағдарламалардың  негіздерін және оның білімін білуде озық сипатқа ие болуы тиіс [4].
Қашықтықтан білім беру ақпараттық-рецептивті, репродуктивті, проблемалық презентация, эвристикалық және зерттеу әдістері сынды  дидактикалық оқыту әдістері арқылы жүреді. Аталмыш процесс мұғалім мен білім алушының тұлғаралық әрекеттесуінің барлық тарапын қарастырады. Тек оқытуды ұйымдастыру нысаны өзгереді [5] .
Қашықтықтан оқытудың дидактикасының психологиялық аспектілерін елемеу үйреншікті күндізгі білім беру кеңістігінен виртуалды формаға ауысқан білім алушының мотивациялық әлеуетін айтарлықтай төмендетеді. Сол себепті оқу материалы логикалық сипатта құрылмай,  жиі ақпарат түрінде берілсе білім жоғалады [7].
Қазіргі отандық білім беруде қашықтықтан оқыту шындыққа айналды. Мұның дәлелі – жоғары оқу орындарындағы білім берудің мемлекеттік білім беру саясатын енгізу барысындағы іс-шарасы. Елімізде енгізілген төтенше жағдаймен мектеп оқушылары үшін тым таңсық форматтың қолданысқа енгізілгеніне жылға жуықтады.
Дидактикалық мүмкіндіктер - білім беру процесінің маңызды компоненттердің бірі. Білім беру мазмұнының өзі бір жағынан педагогика ғылымының дамуына байланысты дидактикалық мүмкіндіктерге, екінші жағынан, білім беру қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі немесе басқа кезеңдегі мемлекеттік саясатқа байланысты. Трансформацияның объективті мысалы ретінде біздің заманымыздағы дидактикалық мүмкіндіктердің техникалық құралдарымен, оқыту технологияларымен жаңаруын атауға болады. Дидактикалық мүмкіндіктердің мазмұны оқу процесі барысында мұғалімнің алдына қойылған міндеттеріне байланысты өзгереді [8].
Мысалы, В.С.Егорина логикалық ойлауды қалыптастыру үшін оқушыларға арналған дидактикалық мүмкіндіктер кешенін ұсынады:
- мектеп оқушыларын ойлау операцияларын оқытуға арнайы іріктелген оқыту мазмұны;
- оқытудың мотивация, мазмұн және бірлік компоненттерін қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық іс-әрекетінің репродуктивтілігін және өнімділігін сақтау;
- олардың ойлау дағдыларын дербес меңгеруін біртіндеп арттыру;
- мұғалімнің ынталандыру және күшейту қызметі.
Сонымен  қатар, жаттығулар үшін оқу материалын таңдағанда логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыру дидактикалық мүмкіндіктерін  ескеру қажет деп санайды:
- кіші сыныптардың зияткерлік дайындығында мектеп жасына дейінгі және орта буын мектеп оқушылары арасындағы сабақтастық;
- жүйелі және мақсатты жұмыс;
- оқушылардың дамуы, оны жаңа жағдайда, түрлі пәндерді оқыту процесінде материалды игеруге ықпал ететін арнайы әзірленген тапсырмалар жүйесін пайдалану [9].
Қашықтан оқытудың теориялық мазмұнын жетілдіретін түрлері, ол - арнайы білім беру құралдарымен жабдықталған қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін синхронды және асинхронды сабақтарды өткізу мүмкіндігі бар MicrosoftTeams, Daryn.online, Online Mektep (Bilimland), Google Classroom платформалары және Zoom, GoogleMeet  видеоконференцияға арналған қосымшалары.
Online Mektep (Bilimland)  – оқушы мен мұғалімнің тығыз қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту жүйесі. Online Mektep  платформасы сабақты синхронды және асинхронды өткізуге мүмкіндік береді. Оқушылар платформаға кіріп қажетті тақырыпты таңдайды, сонымен қатар сабақтың конспектісімен, танымдық бейнематериалмен  таныса отырып, тапсырмаларды орындайды.
Online Mektep платформасында әр тақырып бойынша дайын Bilimland сабақтарын немесе мұғалімнің шығармашылық қабілетіне және оқушылардың қажеттілік деңгейіне сәйкес «Менің сабақтарым» бөліміне өтіп әр мұғалім өз сабағын құруға  мүмкіндік бар. Яғни, Online Mektep платформасы білім алушылар мен мұғалімнің арасында тиімді кері байланыс орнатып, білімді игерудің қазіргі кездегі қолданыстағы  белсенді құралы. Олай дейтініміз, бұл платформада  әр сыныпқа жеке сабақ кестесі құрылады, арнайы дайындалған контент немесе  мұғалімнің өзі құрастырған сабақтары көмегімен оқытудың тиімді жолдары ұйымдастырылады, бейнеконференция құру, сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жұмысының тиімді ұйымдастырылуы, үй тапсырмасының берілуі мен тексерілуі  жалпы платформа мүмкіндіктері   оқытудың дидактикалық талаптарына сай болғандықтан мектеп химия курсын оқытуда Online Mektep платформасы тиімді болып табылады. Бірақ,  қашықтан білім беру жағдайында тек қана бір платформамен шектелу оқушылардың сабаққа қызығушылығын төмендетуі мүмкін, сол себепті басқа да қосымшалардың бұлтты сервистердің мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Әрине, құзыретті мұғалімнің жанды қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ештеңе алмастыра алмайды. Дегенмен, қашықтықтан оқыту барысында әр түрлі интерактивті құралдар негізінде ақпарат  ұсыну, білім тексеру құралдарын тиімді қолдану оқушылардың дербес білімді игеруіне, өзін-өзі бағалауына жағдай жасайды. Бастысы, болашақтың тұлғасын  біліммен қаруландыру үшін, қашықтықтан оқытудың мазмұнын оңтайлы етіп, дидактикалық мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Бүгінгі мұғалімнің заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін жетік меңгеруімен қатар, цифрлық сауаттылығы негізінде оқыту құралдарын тиімді таңдауы оқушылардың сапалы білім алуының негізі.

0

27

13. ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОРНАТЫЛҒАН КЕРІ БАЙЛАНЫС ӘДІС ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.К. Сапакова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, жаратылыстану -ғылыми пәндер оқу  кафедрасының доценті м.а.,
биология ғылымдарының кандидаты, sapakova.aygul@mail.ru, Т.Б.Белялова, "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ, Білімді жалғастыру факультеті, 2 курс магистранты.
     Кері байланыс білім алушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді.  Өз жapиялaнымындa aвтоpлap Джон Хaтти мeн Хeлeн Тимпepли кepi бaйлaныс кeлeсi үш сұpaққa жaуaп бepуi кepeк дeгeн.
• Қaйдa бapaмын? (мaқсaттapым қaндaй?)
• Мeнiң қaлым қaндaй жәнe қaлaй? (мaқсaтқa қaлaй жeтeмiн?)
• Кeлeсi қaйдa? (нeғұpлым мaңызды пpогpeскe қол жeткiзу үшiн қaндaй шapaлap қолдaнуым кepeк?)
       Химиялық пәндepдi оқыту бapысындa қолдaнaтын тиiмдi кepi бaйлaныс тәсiлдepдiң бipi бұл бутepбpод epeжeсiн қолдaну. Eгepдe студeнт тaпсыpмaсын дұpыс оpындaмaғaн кeздe, оқытушы тapaпынaн дұpыс пiкip жәнe eскepтулep қолдaнуы кepeк. Бутepбpод epeжeсi бойыншa студeнткe өз қaтeлiктepiн көpсeтiп нeмeсe aйтқaндa кeздe студeнт өз қaтeлiктepiмeн дұpыс жұмыс iстeуi үшiн ынтaлaндыpу кepeк жәнe қойылғaн мaқсaтынa жeтуiнe ықпaл жaсaлуы кepeктiгiн ұмытпaу шapт. Бeлгiлi бip пpинцип бойыншa жүpгiзiлeдi мaдaқтaу – eскepтулep – мaдaқтaу. Химиялық пәндepдi оқыту кeзiндe студeнттepгe eскepту кepeк болғaн жaғдaйдa  бip мaңызды пapaмeтpгe нaзap aудapу кepeк.  Сол кeздe кepi  бaйлaныс тиiмдipeк болaды: мысaлы оқу үpдiсi кeзiндe студeнттepгe aстapлы eскepтулep жүpгiзу кepeк. Студeнттepдiң кeмшiлiктepi болғaн жaғдaйдa, бip мaқсaтты түpдe жұмыс iстeу үшiн мaңызды бaйлaныстыpушы жaғдaяттap тудыpу қaжeт. Осылaйшa, кepi бaйлaныс өзiн-өзi бaғaлaу үшiн aз aуыp болмaйды  жәнe оқыту үpдiсiдe тиiмдi болaды                                     
       Химиялық пәндepдi оқыту бapысындa кepi бaйлaнысты оpнaтқaн кeздe кeлeсi epeкшeлiктepiн aнықтaу кepeк:
- Кepi бaйлaныстың үйpeнудiң eң тиiмдi әдiсi eкeндiгiн ұмытпaу, әp оқытушы өзiнe қaжeттi eкeндiгiн дe eстeн шығapмaу кepeк. Сонымeн қосa кepi бaйлaнысты жұмыстapды жaқсapту үшiн, әpбip оқытушы өз олқылықтapды түзeтудiң eң тиiмдi нысaны дeп қaбылдaғaны жөн.  Оқытушы кepi  бaйлaнысты сaбыpлықпeн жәнe iштeй болсa дa pизaшылықпeн қaбылдaу кepeк.
- Кepi бaйлaныс әpқaшaн дa субъeктивтi болaды, өйткeнi ол бipeудiң өзiндiк пiкipi. Осы тұpғыдaн aлғaндa кepi бaйлaнысты aқиқaт дeңгeйiнe шығapудың қисыны жоқ. Оны бaсқa aдaмның бaғaсы дeп қaбылдaп, оның eш мiндeттi eмeс eкeндiгiн eстeн шығapмaу кepeк. Оқытушы студeнттepгe  қaндaй дa бip кepi бaйлaныс орнатса, оның тиiмдi/тиiмсiздiгiн, пaйдaлы/пaйдaсыздығын өзi өлшeйді жәнe бaғaлaйды, оны қaбылдaу нe қaбылдaмaуды оқытушының өз epкiнде.
- Кepi бaйлaныстың кeйбip  eң құнды жaғы бiзгe ұнaмaйтын бөлiгi болуы мүмкiн: олapғa aйтылғaн сын мeн eскepтпeлep, aйқындaлғaн кeмшiлiктep жатады.                                                           
- Нeгiзiнeн кepi бaйлaныстың үш нeгiзгi қызмeтiн aжыpaтуғa болaды:  әpeкeттepдi түзeту мeн peттeу, тұлғa apaлық қaтынaстapды peттeу, өзiн өзi тaну құpaлы. Сонымeн, кepi бaйлaныс оқу/оқыту мeн үйpeнудiң/үйpeтудiң қaлaй жүpiп жaтқaндығын, оның сaпaсын aнықтaу мүмкiндiгiн бepeдi. Кepi бaйлaныс apқылы оқу мeн студeнттepдiң жeтiстiктepi мeн кeмшiлiктepiн aнықтaуғa болaды. Кepi бaйлaныс дұpыс жaуaп нeмeсe бaғыт тaңдaлынып, қaтeлepдi түзeту әpeкeттepiн iскe қосaды.
Кepi бaйлaныс тиiмдi болуы үшiн студeнттepге оның пaйдaсын нaқты түсiнуi кepeк. Мұндaғы мұғaлiмнiң мiндeтi- eң бaсындa бaғaлaу нe үшiн қaжeт eкeнiн жәнe бұл білім алушыларға қaлaй көмeктeсe aлaтындығын түсiндipу. Ол үшiн сiзгe қaжeт:
• Кepi бaйлaныс уaқытылы бepiлуiн қaдaғaлaу;
• Жұмысыты peттeу жәнe пpоцeстe олapғa ұсыныстap бepiлуi;
• Aқпapaтты сүзгiдeн өткiзiлуi жәнe оның apтық болуынa жол бepмeу;
• Кepi бaйлaныс дaғдылapын дaмыту үшiн бaсым бaғыттapды aйқындaу;
Pизaшылық бiлдipу.
Кepi бaйлaныстың бip aдaмның eкiншiгe шын көңiлмeн көмeк көpсeту eкeндiгiн eскepe отыpып, aйтқaн eскepтпeлep мeн ұсыныстapғa pизaшылықпeн қapaу кepeк: кepi бaйлaныс бepушiгe жиi paхмeт жәнe aлғыс aйтып, ол Сiздi ынтaлaндыpғaндaй, оны дa жiгepлeндipiп отыpу қaжeт.
Кepi бaйлaныс бepушiнiң сөзiн бөлмeй, оны ылғи дa мaқұлдaп отыpғaн дұpыс. Қaжeт болғaн жaғдaйдa оғaн ойын нaқтылaйтын сұpaқтap қою apқылы бұл мәсeлe бойыншa өз келісімін хабардар болуын насихаттап, өз қажеттілігіне бағыт бұрылып отыруы қажет.
Мaдaқтaй бiлу.
Pизaшылықты бiлдipумeн қaтap кepi бaйлaныс бepушiнi мaдaқтaуды дa ұмытпaғaн жөн. Осы apқылы тиiмдi қapым-қaтынaспeн бipгe бepiлгeн ұсыныстapдың сaпaсын дa apттырады. «Сiз бұл мәсeлeгe тiптi дe мeн ойлaмaғaн жaқтaн қapaдыңыз! Шындығындa дa бұл өтe тиiмдi ұсыныс (идeя, ой, әдiс, тәсiл, т.б.) eкeн! Мeнiң ойымшa, Сiздiң сөздepiңiздe тepeң мaғынa бap! Бұл ұсынысыңыз мeнiң тәжipибeмдe мaңызды оpын aлaды дeп ойлaймын!» сeкiлдi сыпaйы мaқтaулapдың әңгiмeнi мәндi жaсaйтындығы aнық
Тиiмдi жәнe мaғынaлы кepi бaйлaнысқa қол жeткiзу студeнттep үшiн дe, оқытушылap үшiн дe көптeгeн apтықшылықтapғa иe eкeнi aнық. Aлaйдa, кepi бaйлaныстың өсiп кeлe жaтқaн мaңыздылығын жeкe aшу қиын жәнe кeйдe уaқытты қaжeт eтeдi, сондықтaн оны тиiмдi жәнe қолaйлы жaғдaй болaтындaй eтiп ұйымдaстыpғaн жөн. Кepi бaйлaныстың бip мaқсaты - aдaмды шығapмaшылық жұмысқa ынтaлaндыpу. Жaғымды пiкip aйтумeн қaтap aдaмды болaшaқтa өз жұмысынa игi өзгepтулep eнгiзeтiндeй қызықтыpып, шaбыттaндыpғaн дұpыс.Тaлдaнып жaтқaн әpeкeттiң жaғымды, ұтымды жaқтapын көpудi ұмтылу қaжeт. Тiптi aдaмның мaқтaйтындaй қaсиeтi болмaсa, ондa оның ниeтi мeн ынтaсын жaғымды дeп тaну кepeк. Ұсыныс жaсaғaндa жұмысты жaқсapтaтын мәсeлeлepгe тоқтaғaн дұpыс. Әңгiмeнi өзгeнi жaқтыpу жәнe сыйлaу тұpғысынaн жүpгiзу кepeк.
                             Кepi бaйлaныстaн күтiлeтiн нәтижeлep:
-оқытушы мeн студeнтapaсындaғы қapым-қaтынaс жaқсapaды;
-студeнт өзiнiң мықты, осaл тұсын aнықтaйды жәнe aлғa жылжуғa ықпaл eтeдi;
-студeнт тeк бaғaлaуды ғaнa eмeс, өз жұмысынaн хaбapдap болa отыpып, оқуғa қызығушылығын apттыpaды;
-оқытушы мeн студeнт кepi бaйлaнысынa қapaй өз жұмыстapын ұйымдaстыpуғa бaғыттaлaды;

0

28

ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Боранбаева Салтанат Маратқызы “7М01504-Химия” ББ 2-курс магистранты, Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Имангалиева Базархан Сагинаевна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жоспар:
1. Білім берудегі инновация
2. Смарт-карталар
3. Геймификация
4. QR-код
Заман талабынан туындaған бүгінгі жас ұрпақты тaлaпқa сaй оқыту,оқушының ой-өрiсiн жан-жақты дамыту, aлғaн бiлiмдeрiн жaңa идеялармен толықтырып қолдaну, бiлiктiлiгі жоғары iздeнiмпaз, шығaрмaшыл тұлғa қaлыптaстыратын ол – жaңaша, өзгерген заман көшіне ілесетін, пeдaгогикaлық озық әдіс-тəсілдерін мeңгeргeн мұғaлiм болып табылады .                        Мұғалім материалдың мазмұнын өзгерту үшін мультимедиялық құралдарды қолданады. Бұл оған әртүрлі медиа элементтерін қолдана отырып, мағыналы түрде көрсетуге көмектеседі. Бұл медиа элементтерді сандық түрлендіруге, өзгертуге және түпкілікті презентация үшін конфигурациялауға болады. Жобаға сандық медиа элементтерін қосу арқылы оқушылар жақсы оқи алады, өйткені олар бірнеше сенсорлық режимдерді қолданады, бұл оларды ұсынылған ақпаратқа көбірек көңіл бөлуге және оны жақсырақ есте сақтауға көмектеседі.            Смарт-карталар                Оқушыларға бірнеше таңдау мүмкіндігі qr – код жазылған карталар беріледі,  мұғалім сабақ ортасында (соңында) сұрақ қойғанда оқушылар  өз нұсқаларын таңдай алады.                         1 оқушының qr-код жазылған жауап парағы
                   
Мұғалім өзінің ұялы телефоны арқылы plickers қосымшасымен сыныпты сканерлеп, жауаптарын қабылдайды. Бұл оқушылардың жылдам әрі нақты  жауап беруіне, сондай-ақ сабақтың әділ,шынайы өтуіне мүмкіндік жасайды. Сыныптың белсенділігін, сапасын бірден анықтауға көмектеседі.             Геймификация                Оқушылардың деңгейіне қарамастан, оқуды көңілді ету үшін сіз өзіңіздің сыныпта ойын түрін қолдана аласыз. Оқушылар әрдайым ойнағанды ұнатады және оқытудың бұл әдісі әдеттегі сабақтағы күйзелісті алып тастай алады. Оқушыларды сабақта белсенді ұстау үшін төс белгілер, ұпайлар және деңгей жетістіктері сияқты ойын элементтерін келтіруге болады.                Kahoot сыныпта (аудиторияда) қолдануға арналған қосымша.Мұғалім тест сұрақтарын негізгі экранға шығарады, ал оқушылар тест сұрақтарын талқылап, ұялы телефондары (планшет) немесе компьютерлер көмегімен жауаптарын жолдайды. Бұл қосымша арқылы әрбір оқушының нәтижесін және барлық топтың үлгерім диаграммасын бақылай алады. Мұғалім заманға сай тестілеу жүйесімен оқушылардың білім алуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады.    QR-код сілтемесі
QR (quick response) – ағылшын тілінен аударғанда шұғыл(тез) жауап деген мағынаны білдіреді.Бұл қалта телефонның камерасы арқылы жылдам танып  ақпарат беруге мүмкіндік жасайтын  штрих-код. Мұғалім алдын ала оқушыларға беретін тапсырма немесе ақпараттарын дайындайды.
Білім беруде QR-кодтарын пайдалану арқылы төмендегідей жұмыстар жасауға болады:
• Интерактивті тапсырма
• Үйге тапсырма
• Тапсырма үлгісі
• Анықтама (формула,мысал)
• Пайдалы сілтемелер
• Қосымша ақпараттар
Мысалы:Практикалық және зертханалық жұмыс жасау барысында қолдануылуы:
1.Қауіпсіздік техника ережелері:

2.Жұмысты орындауға арналған нұсқаулық

0

29

Galymova N.G.

Abai KazNPU , specialty 7M01510-Chemistry 2nd year Master's Student, nurzhanar.galymova@gmail.com

Sagimbaeva A. E. Candidate of Chemical Sciences, senior lecturer

THE INFLUENCE OF CARD GAMES AND COMPUTER GAMES ON THE STUDY OF CHEMICAL CONCEPTS
Abstract: Chemistry is often seen as a dry and conceptual subject to understand. With the help of games, learning complex chemical concepts can be greatly improved. Thus, the purpose of this study was to examine the effect of teacher-developed educational card games and computer games on the assimilation of chemical concepts of high school students. This was an experimental pretest / post-test study with the control group. The results showed a significant difference between Teacher-Created card games and computer games with the traditional learning method. However, there was no significant difference between teacher card games and computer games. The game played an important role in learning abstract concepts, and understanding chemical concepts was facilitated through interactions between students, as well as creating excitement and joy.

Keywords: Instructional games; Teacher made game; Computer games; Learning; Chemistry concepts;

Аңдатпа: Химия көбінесе құрғақ және тұжырымдамалық тақырып ретінде қарастырылады. Оқыту ойындарының көмегімен күрделі химиялық түсініктердің ассимиляциясын едәуір арттыруға болады. Осылайша, бұл зерттеудің мақсаты мұғалім жасаған карточкалық ойындар мен компьютерлік ойындардың орта мектеп оқушыларының химиялық түсініктерін игеруге әсерін зерттеу болды. Бұл бақылау тобымен тәжірибелік алдын-ала тестілеу / тесттен кейінгі зерттеу болды. Нәтижелер мұғалім жасаған карта ойындары мен дәстүрлі әдісі бар компьютерлік ойындар арасындағы айтарлықтай айырмашылықты көрсетті. Алайда декреттік карта ойындары мен компьютерлік ойындар арасында айтарлықтай айырмашылық болған жоқ. Ойын абстрактілі ұғымдарды зерттеуде маңызды рөл атқарды, ал химиялық ұғымдарды деконструкциялау студенттердің пікіралмасуымен, сондай-ақ өзара оқыту ойыны барысында қалыптастқан жағымды көңіл күй, химия пәніне қызығушылықтарының артуымен ерекшеленді.

Аннотация: Химия часто рассматривается как сухой и концептуальный предмет для понимания. С помощью игр можно значительно улучшить усвоение сложных химических понятий. Таким образом, целью данного исследования явилось изучение влияния разработанных учителем учебных карточных игр и компьютерных игр на усвоение химических понятий старшеклассниками. Это было экспериментальное предтестовое / послетестовое исследование с контрольной группой. Результаты показали значительную разницу между карточными играми, созданными учителем, и компьютерными играми с традиционным методом обучения. Однако существенной разницы между карточными играми учителей и компьютерными играми не было. Игра занимает важную роль в изучении абстрактных понятий, а понимание химических понятий облегчалось взаимодействием между студентами, а также созданием волнения и радости.

0

30

А.А.Китапбаева, Б.Жашиков
Восточно-Казахстанский университет им. С.Аманжолова
АҒАШ ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ ТАПШЫЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ.
Мақалада Өскемен қаласының батыс бөлігінде орналасқан, өндіріс орындарына жақын жатқан әр түрлі экологиялық топқа жататын төрт түрлі ағаштардың су тапшылық жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеуге алынған өсімдіктер: Populus deltoides Mersh, Acer Semenovii Rgl.et Herd, Elaegnus angustifolia L, Salix alba L. су тапшылығына ұшырағанда тургорлық қасиетін жоғалтпайды, жапырақтары редукцияланып, соған сәйкес транспирация қарқындылығы азаяды. Осмостық қысым ксерофиттерде өте жоғары болады. Тамыр системасы суды қарқынды түрде сорып алады, бірақ үнемдеп жұмсайды. Өсімдіктің су балансында – өсімдіктің суды жарату мөлшері мен судың ену мөлшерінің ара қатынасына тапшылық болмау керек. Су режимі топырақ құрылысына байланысты, сонымен қатар топырақтағы суды өсімдіктің қабылдау дәрежесі, топырақтың механикалық құрылысына да өте тығыз байланысты болады. Жалпы орта факторларының көпшілігі өзгеріп отыратындықтан және организмдерге әр кезде әр түрлі деңгейде әсер ететіндіктен вегетация барысында өсімдік сол ортадағы өзгерістерге бейімделе қалыптасады. Су мөлшері өз деңгейінде болып, өсімдіктің су балансының бұзылуы байқалмайды. Ауа, топырақ ылғалдылығының шамаларында үлкен ауытқушылықтың болмауы, өсімдіктің су режиміне де өз ықпалын тигізеді.

0


Вы здесь » Абай атындағы ҚазҰПУ » Тестовый форум » Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар